Атырау, 26 қараша 18:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына соққы жасалды

2 404 просмотра


АҚШ Иракты қандай жағдайда дағдарысқа түсіретінін айтты Ирактың солтүстігінде орналасқан әскери-әуе күштерінің "Балад" базасына соққы жасалды. Мұнда америкалық әскерилер тұрып жатқан, - деп хабарлайды REUTERS. 

Ирак әскерилерінің мәліметінше, жексенбіде базаға "Катюша" қондырғыларынан сегіз снаряд түскен. Олардың жетеуі ұшу-қону жолағына түскен. Ирактық төрт сарбаз, оның ішінде екі офицер жарақат алған.  АҚШ Орталық қолбасшылығының өкілі АҚШ персоналының зардап шекпегенін хабарлады. Шабуылды кім жасағаны әзірше белгісіз. 

Еске салайық, 8 қаңтарда Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына зымыран соққыларын жасаған. Олар бұл әрекетін "Әл-Кудс" арнайы бөлімшесінің қолбасшысы генерал Касем Сулейменидің көзін жоюға берілген жауап деп түсіндірген.

Дереккөз: Tengrinews.kz

13 қаңтар 2020, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.