
ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова елордада тіс емханасында емделіп, шыққаннан кейін ес-түссіз қалған қыз баланың жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қыз бала әлі де ауыр жағдайда жатыр. «Доктор Бро» клиникасына жүргізілген тексеріс туралы өткен аптада айтылған еді. Қыз балаға көрсетілген медициналық қызмет көрсету кезіндегі бұзушылықтар аталды. Барлық материал құқықтық баға беру үшін Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне жіберілді. Ары қарай істі құқық қорғау органдары шешеді», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елорданың стамотологиялық клиникаларының бірінде тісін емдеткеннен кейін ес-түссіз қалған баланың жағдайын өз бақылауына алған болатын. Айта кетсек, елорда тұрғыны Анастасия Зелёная «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» Facebook тобында екі жарым жастағы баласының стамотологиялық клиникаға қаралғаннан кейін ес-түссіз қалғанын жазған болатын. Бала екі аптадан бері есін жия алмай жатыр.
Дереккөз: Inform.kz
В Атырау -6