Атырау, 26 қараша 18:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Зеленский Меркель мен Макронға ұсыныс айтты

2 955 просмотра


Украина президенті Владимир Зеленский француздық әріптесі Эммануэль Макронмен жақын арада Украина-Франция-Германия форматында жиын өткізіп, Донбастағы жағдайды талқылауға келісті. 

Бұл туралы «Украинформ» хабарлады. Тараптар Қырым, Донбасс мәселесін талқыламақ. Жиынға Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Эммануэль Макрон және Украина басшысы Владимир Зеленский қатысады. 9 желтоқсанда Парижде «Норманд төрттігі» өкілдері бас қосқан. Кездесу барысында Зеленский: «Украина – унитарлы мемлекет. Мен Украина президенті ретінде елдің ешқашан бөлінбейтінін және украин халқы біртұтас екендігін баса айтқым келеді. Федерация құрамына ену туралы ой туындамай-ақ қойсын. Украина тәуелсіз, дербес және демократиялық мемлекет. Украинаның шығысындағы жағдайды халықаралық тұрғыда шешу мүмкін емес, әрбір украин үшін Донбасс пен Қырым – Украина жері», — деп кесіп айтқан. «Норманд төрттігі» саммиті – Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу үшін 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Украина, Ресей, Франция және Германия жетекшілері мен сыртқы істер министрлігінің кездесу форматы. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

13 қаңтар 2020, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.