Атырау, 26 желтоқсан 16:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Барлық жаңалық

Ресейде Восточный космодромын жобалаушы 5 жылға сотталды Әлемде

Ресейде Восточный космодромын жобалаушы 5 жылға сотталды

Мәскеудің Гагарин аудандық соты Восточный космодромы жобасының бұрынғы бас инженері Сергей Островскийді бес жылға соттады. Сот оны аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптап, 800 мың рубль айыппұл салды,- деп хабарлады Азаттық. 23 маусым 2016, 11:36 2 713 рет қаралды
ІІД басшысы Ақтөбедегі теракт бойынша "бағыттамаларда" кеткен қателіктерге қатысты пікір білдірді Қазақстанда

ІІД басшысы Ақтөбедегі теракт бойынша "бағыттамаларда" кеткен қателіктерге қатысты пікір білдірді

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ақтөбеде болған теракт бойынша бағыттамаларда кеткен қателіктерге қатысты түсінік берді. Бұл туралы ол ҚР Парламент Сенатының мәжіліс залы сыртында болған толық мәжілісте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 23 маусым 2016, 11:31 1 610 рет қаралды
Сенат жер кодексінің даулы баптарына мораторийді мақұлдады Қазақстанда

Сенат жер кодексінің даулы баптарына мораторийді мақұлдады

Парламент сенаты жер кодексінің қоғамдық қарсылық тудырған кейбір баптарының күшіне енуін уақытша тоқтату туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатты 15 маусымда мәжіліс бірден екі оқылымда мақұлдаған,- деп хабарлайды Азаттық. 23 маусым 2016, 11:27 2 549 рет қаралды
Бекірелер ірі еді Басқа жаңалықтар

Бекірелер ірі еді

Жақында Атырауға танымал ихтиолог әрі керемет жан Әбіш БЕКЕШЕВПЕН сұхбаттасудың сәті түсті. Ол өзінің мазмұнды ғылыми қызметінің жекелеген сәттерімен бөлісіп, әңгімесін тарихи суреттермен нақтылай түсті. 23 маусым 2016, 00:00 3 217 рет қаралды
Шегірткеге қарсы күрес жоспарлы түрде жүргізіледі Басқа жаңалықтар

Шегірткеге қарсы күрес жоспарлы түрде жүргізіледі

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысында мароккалық шегірткелер бақша дақылдарының егістігіне үлкен зиян келтірген. Ал біздің өңірдегі ахуал қандай? 17 маусым 2016, 16:19 3 494 рет қаралды
Сурдоаудармашылар барлық жерде керек Басқа жаңалықтар

Сурдоаудармашылар барлық жерде керек

«Қазақ саңыраулар қоғамы» АҚ облыстық филиалының төрағасы Замила АХМЕТОВАНЫҢ (суретте) айтуынша, аудандарда сурдоаудармашылардың жоқтығынан ондағы есту қабілеті бұзылған мүгедектерге облыс орталығына қатынауға тура келеді. 23 маусым 2016, 00:00 4 185 рет қаралды
Жансельге жеңіс тілейміз Спорт

Жансельге жеңіс тілейміз

Атыраудың намысын қорғап жүрген таеквондошы Жансель Дениз Рио олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Атырауда халықаралық «Қазақстан Опен» турнирі өтті. Осы және басқа да жаңалықтармен облыстық таеквондо федерациясының президенті Арман ТОҒАЕВ бөлісті. Сурет 23 маусым 2016, 00:00 4 490 рет қаралды
23-інен 24-іне қараған түні су болмайды Басқа жаңалықтар

23-інен 24-іне қараған түні су болмайды

«Атырау Су Арнасы» КМК қаланың су тазарту құрылғылары мен тарату желілерін маусымдық хлорлау жұмыстары жүргізілуіне байланысты Атырау қаласы және ауылдық округтерде 23 маусым түнгі сағат 24.00-ден 24 маусым сағат 06.00-ге дейін салқын су берудің уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды. 22 маусым 2016, 21:00 1 845 рет қаралды
Ұлттық банк: Қазақстанның сыртқы қарызы 12,8 миллиард доллар Қазақстанда

Ұлттық банк: Қазақстанның сыртқы қарызы 12,8 миллиард доллар

Қазақстанның сыртқы және мемлекеттік кепілдендірілген қарызы 2015 жылдың соңындағы көрсеткіш бойынша 12,8 миллиард долларды құрайды деп хабарлады бүгін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткен баспасөз конференцясында. 22 маусым 2016, 16:54 3 106 рет қаралды
Қазақстандық ауыратлеттерден Лондондағы жүлделері үшін берілген сыйақыны ешкім тартып алмайды - Мұхамедиұлы Қазақстанда

Қазақстандық ауыратлеттерден Лондондағы жүлделері үшін берілген сыйақыны ешкім тартып алмайды - Мұхамедиұлы

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ильи Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза мен Зүлфия Чиншанлоға қатысты допинг дауына байланысты қазақстандық тараптың Халықаралық Олимпиада комитетінің шешіміне қандай көзқараста екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 22 маусым 2016, 15:32 1 936 рет қаралды
​«Қызыл балық пен уылдырықты сот шешімінің шығуына қарай сатамыз» Басқа жаңалықтар

​«Қызыл балық пен уылдырықты сот шешімінің шығуына қарай сатамыз»

Өткен жылдың аяғында «Вест дала» компаниясының пешінде сақтау мерзімінің өтуіне байланысты 2014 жыл ішінде барконьерлерден тәркіленген 2 мың келіден астам бекіре тұқымдас балықтар мен 26 келі қара уылдырық өртелді. Сол кезде бұл тәркіленген өнімдерді сатуға болмас па еді деген көпшіліктің сұрағын туғызған болатын. 22 маусым 2016, 14:44 7 466 рет қаралды
Сейітқазы Матаевты қамау мерзімі бір айға ұзартылды Қазақстанда

Сейітқазы Матаевты қамау мерзімі бір айға ұзартылды

Алматының Медеу аудандық соты Қазақстан журналистер одағының төрағасы, ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевтың үйқамақта отыру мерзімін 22 шілдеге дейін ұзартты. Бұл туралы Азаттыққа қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Махамбетов хабарлады. 22 маусым 2016, 12:23 2 906 рет қаралды
Ақтөбедегі теракт жасаған күдіктілердің тізімінде 11-сынып оқушысы бар болып шықты Қазақстанда

Ақтөбедегі теракт жасаған күдіктілердің тізімінде 11-сынып оқушысы бар болып шықты

Ақтөбедегі теракт жасаған күдіктілердің тізімінде 11-сынып оқушысы бар болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Диапазонға" сілтеме жасап. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнасай ауылының орта мектебінде 11-сыныпта оқитын Сағынған Сейітқали өзін Ақтөбедегі терактке қатысы бар күдіктілердің тізімінен тауып алған. Тізімді белгісіздер Интернетте 5 маусымда таратқан. Кейін тізім көлік және коммуникация колледжінде де ілініп, бұл оқу орнына түскісі келген түлек сол жерден өзін көріп қалыпты. 22 маусым 2016, 12:11 2 391 рет қаралды