Атырау, 5 желтоқсан 13:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қылмыстар хроникасы

2 212 рет қаралды

Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылынан 10 километр жерде 20 маусымда КамАЗ маркалы жүк көлігі аударылып қалды. Ақтөбелік 43 жастағы жүргізуші алынған зақым салдарынан сол жерде көз жұмды.

***

Маусымның 20-да Мечников көшесінің бойындағы көпір маңында өзенге шомылып жүрген 27 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның денесін іздеу жұмыстары жүргізілуде.

***

Полиция Сәтпаев даңғылы бойындағы ойын-сауық кешенінің кассасынан 15 мың теңге ұрлады деген күдікпен Атырау қаласының 29 жастағы тұрғынын іздестіруде.

***

Құлсарыда полицейлер Махамбет ауданының 28 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лада» көлігін тоқтатты. Сараптама оның орта дәрежеде ішімдіктен масайғанын анықтады. Ол осындай заң бұзушылық үшін бір жыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған екен.

***

Полицияға Құлсары қаласының 58 жастағы тұрғыны шағымданды: 20 маусымда сағат 10-нан 15-ке дейін белгісіз біреу үйіндегі құрылыс алаңынан құны 16 мың теңге тұратын шойын ваннаны ұрлап кеткен. Күдікті анықталып, іздестіру жүргізілуде.

***

Су полициясының қызметкерлері Авангардтан «Тойота Камриді» тоқтатып, салоннан 19 келі ауланған бекіре етін тауып алған. Ол 33 жастағы жолаушыға тиесілі екен. Тергеу жүргізілуде.

23 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.