21 маусымға қараған түні Атырау қаласы газ шабуылына ұшырады.
Облыс орталығын (әсіресе Авангард, Нұрсая, Жилгородок) бірнеше сағатқа сасыған иісті бұлт қаптады. Мұндай құбылыс 22-не қараған түні де орын алған еді. Біз экология департаментіне тексеру жүргізу өтінішімен хат жолдадық.
22 маусымда департамент басшысының орынбасары Қанат ҚАЛМАХАННЫҢ қолы қойылған жауап келді: «“Қазгидромет" РМК “Авангард", “Восток" и “ВестОйл" Атырау филиалының ауа сапасы мониторинг станциясының (АСМС) көрсеткіштеріне сәйкес, 21 маусымда түнгі және таңғы сағаттарда ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының асуы анықталмады».
Біз департаменттен АСМС көрсеткішін сұрадық. Көзге не түсті? Станциялар ауадағы СО2 (күйе), S02 (күкірт диоксиді), Н2S (күкіртсутек) және N2О (азот оксиді) концентрациялары туралы мәліметтерді көрсетеді. Олардың барлығы көрсетілген тәуліктерде сағат 0-ден 10-ға дейін 0 көрсетіп тұрған, яғни, әсері болмаған. Ал сағат 15.40-тан кейін мәліметтер мүлде жоқ. Яғни, аспаптар тәулігіне бар болғаны 5 сағатқа нақты көріністер көрсеткен. Мен сағат 10-нан кейін «жанданған» үш аспаптың мәліметтерін қарадым. Мәселен, «ВестОйл» АСМС 21 маусымда таңертеңгі сағат 10-да бір текше метрге 0,00953 мг күкіртсутектің болғанын көрсетті. Мұндағы шекті рұқсат етілген мөлшер - бір текшеде 0,008 мг болу керек. Асу мөлшері азғана секілді, алайда түнде газ шабуылы орын алған кезде көрсеткіштер қандай болды екен? Егер аспап алдыңғы сағаттарда қосылған болса, онда көрсеткіштердің анағұрлым өте жоғары болатындығына сенімдімін.
Облыстық экология департаментінде 21 маусымға қараған түні оңтүстік-шығыстан жел соққанын хабарлады.
– Иістің Атыраудың сол жақ жағалауында орналасқан булану алаңынан келді деп жүз пайыздық ықтималдылықпен растауға болады, - дейді департаменттегілер.
Редакция 22 маусымдағы және алдағы 23 маусымдағы бүкіл АСМС бойынша мәліметтерді сұратты. Өйткені, шығарындылар жалғасуда, қалада бұрынғыша түнгі сағаттарда тыныстау мүмкін емес.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ