Атырау, 28 қараша 21:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қаңғыбас иттерді әзірге атпайды

2 983 просмотра

Облыстық балалар ауруханасының травматологиялық пунктінің дәрігерлері балаларды ит қауып алу оқиғаларының көбейіп кеткенін атап өтті. Күніне 1-2 жағдайдан орын алады екен.

Атырау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының мәліметтері бойынша жыл басынан бері қалада ит қапқан 358 зардап шегуші тіркелген, соның ішінде 14 жасқа дейінгі 198 бала бар.

Ұзақ уақыттан бері Атырауда қаңғыбас иттерді ату жұмыстары жүргізілмейді. Ал бюджеттен ит атуға және өлекселерін көмуге 27 млн теңге бөлінген.

Мәселе мынада, біз орындаушы анықтайтын тендер нәтижесін күтеміз. Өткен жылы мұнымен «Жайық» ЖК айналысты. 2016 жылдың басында онымен қосымша келісім жасалып, бірінші тоқсан бойына иттерді ату жұмыстары жүргізілді, - дейді қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Нәсіпқали СҰЛТАНГУБИЕВ. – Биыл бір тендер өткізілді, бірақ оның нәтижелеріне қатысушылардың бірі қарсы болып, кейіннен өзгертілді. Қазір тендер қайта өткізілуде. Жеңімпаз анықталған кезде қажетті құжаттарға қол қойылып, ит ату жұмыстары жалғасын табады.

Өткен жылы Атырауда 16 мыңдай, 2016 жылдың бірінші тоқсанында 2 366 қаңғыбас иттер атылған.

Тамара СУХОМЛИНОВА

22 маусым 2016, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.