
Атырауда қолданыстағы қоқыс полигонын рекультивациялау және жаңа тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын салу жұмыстары тоқтатылды.
Бұған дейін хабарланғандай, ескі полигонды рекультивациялау жұмыстары өткен жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Жобаның тапсырыс берушісі – қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, ал бас мердігер – «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» ЖШС. Жұмыстардың жалпы құны 11,3 млрд теңге деп белгіленген.
Ескі полигонды жабу жұмыстары өткен жылдың қыркүйегінде басталған еді. Жобаға тапсырыс беруші – қалалық ТКШ бөлімі, бас мердігер – «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» ЖШС. Жобаның құны – 11,3 млрд теңге. Төрт жыл ішінде полигон аумағын тегістеп, химиялық өңдеуден өткізіп, толық жабу жоспарланған болатын. Алайда жұмыстың уақытша тоқтатылғаны белгілі болды.
Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, рекультивация кезінде полигонға тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) әкелуге тыйым салынады. Бірақ бұл қаладағы жалғыз полигон болғандықтан, жұмысты жалғастыру үшін балама орын немесе жаңа полигон қажет. Қазіргі таңда мердігер келісімшарт бойынша 15 млн теңге аванс алып, алғашқы дайындық жұмыстарын ғана жүргізген.
Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, жобаны жүзеге асыру уақытша тоқтатылды. Себебі рекультивация кезінде қоқыс полигонына тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) әкелуге тыйым салынады. Ал бұл облыс орталығындағы жалғыз полигон болғандықтан, жұмысты қайта бастау үшін не балама қоқыс жинау орны, не жаңа арнайы полигон қажет. Мердігер компания келісімшарт бойынша 15 млн теңге аванс алып, алғашқы дайындық жұмыстарын жүргізген. Әкімдік жоба құны қымбаттамағанын атап өтті.
Қазіргі есеп бойынша, 35 гектар аумақтағы ескі полигонда 3 млн тоннадан астам қоқыс жиналған. Оның биіктігі алты қабатты үймен тең. Күн сайын мұнда тағы 350 тоннаға дейін тұрмыстық қатты қалдықтар жеткізіледі. Полигон 1977 жылы ашылған, ал оның пайдалану мерзімі 22 жыл бұрын аяқталған. 2020 жылы ол бес жылға «Арнаулы автобаза» ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілген. Бұл мерзім де аяқталды, бірақ келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды.
Ал қаладағы тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған жаңа полигон құрылысы әлі басталған жоқ. Оған арналған 50 гектар жер телімі Махамбет ауданының Алмалы ауылдық округінен (Атыраудан 15 шақырым) бөлінген. Жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) «Poligram» ЖШС әзірлеп, ол 2021 жылдың басында сараптамадан өткен. Құжаттамаға жұмсалған қаражат көлемі – 42 млн теңге.
Атырау облысы әкімдігі хабарлағандай, жаңа қоқыс полигонын салуға жарияланған тендерде жеңімпаз болып «БатысСтройСервис-Атырау» ЖШС анықталған. Қалалық құрылыс бөлімі компаниямен 2024 жылдың 8 сәуірінде 5,9 млрд теңгеге келісімшарт жасап, жұмысты он ай ішінде аяқтау жоспарланған еді.
Алайда көктемгі су тасқыны салдарынан мердігер келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындай алмады. Болашақ полигонға бөлінген аумақты су басып, құрылыс жұмыстары басталмай қалды.
Жаңа қоқыс полигоны ескі полигоннан өзгеше, ол қалдықтарды барынша қайта өңдеуге және көму көлемін азайтуға бағытталған. Полигонда заманауи технологиялар: қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, органикалық бөлігін компосттау, қоқыс газының түзілуін азайту, құрылыс пен ағаш қалдықтарын қайта айналымға енгізу, сондай-ақ экологиялық және санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кешенді шаралар қарастырылған.
Жаңа тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының пайдалану мерзімі 20 жылға есептелген. Алайда оның құрылысы қашан басталатыны әзірге белгісіз. Себебі жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл түзетулер болашақта су тасқынынан қорғау үшін үш метрлік бөгет салу қажеттілігіне байланысты жасалуда.
Лев ГУЗИКОВ
В Атырау -4