Атырау, 11 желтоқсан 23:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Атырауда тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын қалпына келтіру жұмысы басталады

Бейнежазба
1 554 просмотра

Келер жылы рекультивацияның техникалық кезеңі басталады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жалпы бұл жұмыс жоба бойынша 4 жылға жоспарланған. Алғашқы, яғни техникалық кезеңінде қоқыс тегістеліп, аумақ реттеледі. Одан кейінгі 2 жылда полигонға арнайы химиялық реагенттер шашылады. Бұл жағымсыз иіс пен түрлі газды жоюға көмектеседі. Содан соң аумақтағы қалдықтар залалсыздандырылады. Биологиялық кезең аясында жасалатын жұмыс аумаққа топырақ пен түйіршік тастар төсеумен қорытындыланады.  

- Жұмыстың 4-ші жылында полигон 12 айға жабылады. Өйткені химиялық реагенттер өз әсерін беруі тиіс. Жалпы бұл жұмысқа 150-ден астам маман мен 70-ке жуық техника   жұмылдыру жоспарланып отыр, - деді мердігер мекеменің менеджері Азамат Қарастеков. 

Бұл жобаға тапсырыс беруші – Атырау қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі. 


6 қараша, 18:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.