Атырау, 27 қараша 03:42
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресейде Восточный космодромын жобалаушы 5 жылға сотталды

2 566 просмотра

Фото: ТАССМәскеудің Гагарин аудандық соты Восточный космодромы жобасының бұрынғы бас инженері Сергей Островскийді бес жылға соттады. Сот оны аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптап, 800 мың рубль айыппұл салды,- деп хабарлады Азаттық.

Тергеу мәліметі бойынша, 2011 жылы Островский "Рсеей федерациясы қорғаныс министрлігінің 31-мемлекеттік жобалау институты арнайы құрылысы" жобасының бас инженерлер тобын басқарып тұрғанда және "ПСК МИКОС" компаниясын құрушы әрі бас директоры болып тұрғанында федералдық бюджеттен алаяқтық жолмен 14 миллион рубльден астам (қазіргі бағам бойынша 218 мың доллар)қаржы жымқырған. Қаржы Восточный космодромының ұшу кешенін жобалау және іздеу жұмыстарына бөлінген.

Мамыр айында Восточный космодромын салу кезіндегі қаржы жымқыру ісі бойынша "Тынық мұхиты көпір құрылысы компаниясының" (ТМК) директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Сергей Юдин үш жыл төрт айға сотталған. ТМК - космодром құрылысын салған мердігер компания.

Дереккөз: Аzattyq.org

23 маусым 2016, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.