Сурет Әбіш Бекешевтің жеке мұрағатынан алындыЖақында Атырауға танымал ихтиолог әрі керемет жан Әбіш БЕКЕШЕВПЕН сұхбаттасудың сәті түсті. Ол өзінің мазмұнды ғылыми қызметінің жекелеген сәттерімен бөлісіп, әңгімесін тарихи суреттермен нақтылай түсті.
Суреттегі қоңды бекірені ұстап тұрған ер адам – жас кезіндегі Әбіш Бекешұлы. Сонау 1968 жылдары ұзындығы 180 см-ге жететін ірі балық таңсық нәрсе емес еді. «Мұндай балықтарды Жайықтан аулай беретінбіз», - деп еске алады ол. Сол жыл республиканың балық шаруашылығы үшін де есте қалған еді: геодезистердің, гидрологтар мен биологтардың бірлескен экспедициясы бекіре тұқымдастардың уылдырық шашатын жерлеріне геодезиялық түсірілім жасап, содан соң алғаш рет «Жайық өзеніндегі бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашу орындарының атласы» жасалды. Қайран қаларлығы, осы жұмыс нәтижелері әлі күнге дейін балық қорларын қорғау және өсіріп-өндіру жөніндегі мемлекеттік инспекторлар үшін күнделікті қажетті құжат болып табылады. Әбіш Бекешұлының айтуынша, сол жылдары ғалымдардың ұсынымдарына мұқият құлақ асып, Қазақ КСР үкіметі еш кідіріссіз балық қорларын сақтау және көбейту үшін нақты шаралар алатын. Атап айтқанда, құмды-қиыршық тасты қоспаны іріктеуге, тиелген баржаларды сүйреуге тыйым салынды. Жайыққа су іркуіш құрылғыларын орнату туралы әңгіме қозғалған да емес.1969 жылдан 1972 жылға дейін бекіре тұқымдастар бойынша бүкілодақтық ғылыми-тәжірибелік конференциялар көбінесе Атырауда өткізілген.
Нәтижесінде балықшы ұжымдық шаруашылықтары көбейіп жатқан көлемдер туралы мәлімдемелер жасай бастады. Жайықта жыл сайын он мыңдаған центнер қызыл балық ауланды, бұл Каспий бассейнін қоспағанда. 1965 жылдан бастап 1980 жылға дейін көрсеткіш жартысынан астам – 39-дан 81 мың центнерге дейін көбейді. Бір кездері әуесқой балық аулаушыларға белгілі бір көлемде бекіре тұқымдастарды аулауға 25 рубльге лицензия сатып алуға болатын. Бұл ол кездері едәуір ақша еді. Дегенмен де, мүмкіндік болды.
Бұл дәуренді қайта жандандыруға бола ма? «Егер нақты мемлекеттің ықтияры болса, жандандыруға болады», - деп есептейді қарт ихтиолог. Әзірге бәрі бос сөз күйінде қалып отыр. Жеке балық шаруашылығы министрлігін құру керек, онда сыртқы адамдар емес, білікті және бей-жай қарамайтын балық мамандары жұмыс істеуге тиіс. Жайық өзенінің түбін тазарту үшін мелиорациялық қондырғыларды, жүзбелі крандарды сатып алуға уақыт кетеді. Алайда, кеш болмас бұрын балық уылдырық шашатын табиғи жерлерді қазір қалпына келтірген жөн. Бекешевтің пікірінше, бекіре тұқымдастарды жасанды өсіру – әрине, артықтық етпейді, бірақ проблеманы шешпейді. Ол «жасандылардың» табиғи түйсігі жоқ екенін, көбеюге қабілетсіз екендігін растап отыр.
Марат ТАКУЛИН