Атырау, 6 қараша 14:07
 дождьВ Атырау +3.9
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53

Барлық жаңалық

​Атырауда жер алған тұрғындар инженерлік желілерге қосыла алмай отыр Атырауда

​Атырауда жер алған тұрғындар инженерлік желілерге қосыла алмай отыр

Атырауда Кеңөзек ауылдық округіне қарасты “Қайнар” ықшамауданының тұрғындары коммуналдық мәселелерге байланысты тағы да жиналды. Тұрғындар коммуналдық мәселелерді талқылау үшін бұған дейін қыркүйекте жиналған. Олардың айтуынша, ықшамауданға электр, газ және су желілері тартылғанымен, үйлер әлі күнге дейін оларға қосылмаған. Тұрғындар электр жарығының жоқтығынан аумақта ұрлық жиілегенін де айтып шағымданды. Бүгін, 12:04 112 рет қаралды
Қашағанда жаңа газ өңдеу зауыты салынады: «QazaqGaz» Қытайда ірі келісімге қол қойды Мұнай және газ

Қашағанда жаңа газ өңдеу зауыты салынады: «QazaqGaz» Қытайда ірі келісімге қол қойды

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы Қашаған кен орнының базасында жылына 2,5 миллиард текше метр газ өңдейтін жаңа зауыттың құрылысы бойынша EPCC-келісімшартқа қол қойды. Жаңа өндіріс орны елдегі тауарлық газ тапшылығын азайтуға және өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Бүгін, 11:32 169 рет қаралды
​Атырауда жұмыстан заңсыз ​шығарылған қызметкер сот арқылы орнына қайта оралды Атырауда

​Атырауда жұмыстан заңсыз ​шығарылған қызметкер сот арқылы орнына қайта оралды

Атырау қалалық соты мемлекеттік мекемеден заңсыз босатылған жұмыскердің құқығын қорғап шықты. Сот жұмыс берушінің еңбек заңнамасын бұзғанын анықтап, азаматты бұрынғы лауазымына қайта орналастыруға және бос жүрген уақыты үшін жалақысын толық өндіріп беруге шешім шығарды. Бүгін, 11:22 141 рет қаралды
​Атыраудағы №2 қалалық емханада жаңа цифрлық маммография кабинеті іске қосылды Атырауда

​Атыраудағы №2 қалалық емханада жаңа цифрлық маммография кабинеті іске қосылды

Атырау қаласындағы №2 қалалық емханада заманауи цифрлық құрылғылармен жабдықталған маммография кабинеті жұмысын бастады. Енді бұл емдеу мекемесіне тіркелген тұрғындар сүт безінің қатерлі ісігін анықтайтын маңызды тексеруден өту үшін өзге ауруханаларға бармай-ақ, өз емханасында тегін қарала алады. Бүгін, 10:26 144 рет қаралды
Атырауда жаңа жол құрылысына байланысты мұнай құбырының екі учаскесі көшірілді Атырауда

Атырауда жаңа жол құрылысына байланысты мұнай құбырының екі учаскесі көшірілді

​«ҚазТрансОйл» АҚ «Мартыши – Атырау» магистральдық мұнай құбырының қайта салынған екі учаскесін іске қосты. Жұмыстар «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астрахань)» автожолының қайта жаңғыртылып жатқан бөлігімен қиылысу аумағында жүргізілді. Кеше, 17:16 227 рет қаралды
Болат Ақшолақов Қызылқоға ауданының тұрғындарымен кездеседі Атырауда

Болат Ақшолақов Қызылқоға ауданының тұрғындарымен кездеседі

Жұма күні, 6 қарашада​ Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов жұмыс сапарымен Қызылқоға ауданына барады. Сапар аясында өңір басшысы жергілікті тұрғындармен жүздесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Кеше, 16:46 227 рет қаралды
Түрмеге апарар жол да тарылып бара ма? Атырауда

Түрмеге апарар жол да тарылып бара ма?

Атыраудағы ерлерге арналған түзеу колониясы мен тергеу изоляторына апаратын жолдың шұңқыры биыл бітелген. Бұл туралы «Ақ Жайық» тілшісінің сауалына қала әкімінің баспасөз хатшысы Еркеназ Қалижан жауап берді. Алайда, бұл жолдың қазіргі жағдайы көп сауал туындатып отыр. Кеше, 16:21 219 рет қаралды
Таңдайдағы апатты ұңғыманың маңайында құстардың өлімі бірінші рет ресми тіркеліп отыр Экология

Таңдайдағы апатты ұңғыманың маңайында құстардың өлімі бірінші рет ресми тіркеліп отыр

Махамбет ауданы Таңдай ауылының маңындағы апатты ұңғыманың айналасында құстардың қырылу дерегі алғаш рет тіркеліп отыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев растады. Ал Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне сәйкес, ол жерде 15 құстың өлексесі табылған. Олардың бәрі - үйректер. Кеше, 16:05 211 рет қаралды