Атырау, 13 мамыр 03:41
 дождьВ Атырау +18.5
$ 463.91
€ 544.63
₽ 6.26

Барлық жаңалық

ҚазМұнайГаз өзіне тиесілі әуе компанияны сатты Қазақстанда

ҚазМұнайГаз өзіне тиесілі әуе компанияны сатты

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы Қазақстан қор биржасына 10 пайыздан аса акцияларына иелік ететінін ұйымдардың тізімі өзгергенін хабарлады. Хабарламаға сәйкес, мұнай компаниясы енді "Еуро-Азия Эйр" әуе компаниясының акцияларына иелік етпейді. 10 қараша 2017, 15:38 2 111 рет қаралды
Әбдіқалықова: Алаш идеясы азат Қазақстанның "рухани жаңғыруымен" үндес Қазақстанда

Әбдіқалықова: Алаш идеясы азат Қазақстанның "рухани жаңғыруымен" үндес

Астанада өтіп жатқан «Рухани жаңғыру: Алаш және Азаттық идеясының сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елімізде жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Алаш қайраткерлерінің мақсатымен үндес екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 10 қараша 2017, 13:22 2 421 рет қаралды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстандағы бедеулікті мемлекет мәселесі деп есептейді Қазақстанда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстандағы бедеулікті мемлекет мәселесі деп есептейді

Қазақстанда жылына 15 пайыз отбасылық жұптың бала сүйе алмайтыны анықталады, олардың ішінде 8 мың жұпқа ЭКҰ (Экстракорпоралдық ұрықтандыру) ғана көмектеседі. Бұл туралы денаулық сақтау вице-министрі Ләзәт Ақтаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  10 қараша 2017, 13:19 2 688 рет қаралды
Түркия АҚШ-қа террорлық топты қолдау жөнінде ашық наразылық білдірді Әлемде

Түркия АҚШ-қа террорлық топты қолдау жөнінде ашық наразылық білдірді

Түркия үкіметі көптен бері Иран, Ирак, Сүрия және Түркия жеріндегі күрдтердің территориясын қамтыған дербес Күрдістан құруды мақсат еткен ПКК террорлық тобын барынша айыптаумен келеді. Түркия жақ Құрама Штатты ПКК-ны қолдап отыр деп бірнеше рет айыптаған болатын. 10 қараша 2017, 13:15 2 542 рет қаралды
Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан шекара туралы келісімге қол қойды Қазақстанда

Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан шекара туралы келісімге қол қойды

Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстанның сыртқы істер министрлері үш мемлекеттің шекараларының түйісу нүктесі туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Өзбекстандағы меншікті тілшісі.  10 қараша 2017, 12:28 3 211 рет қаралды
Макрон: АҚШ Иранды ядролық қару жасауға итермелеуде Әлемде

Макрон: АҚШ Иранды ядролық қару жасауға итермелеуде

АҚШ Иранды ядролық қару жасауға итермелеуде – деп мәлімдеді Франция президенті Эммануэль Макрон. Time журналына берген сұхбатында Франция президенті Эммануэль Макрон Иранның ядролық қаруы жайында пікір білдірді.  10 қараша 2017, 11:13 3 230 рет қаралды
Ядролық физика институты "радиация таралғанын" жоққа шығарды Қазақстанда

Ядролық физика институты "радиация таралғанын" жоққа шығарды

Қазақстан энергетика министрлігіне қарасты Ядролық физика институтының директоры Ерғазы Кенжин Азаттыққа Қазақстанда, әсіресе оның батысында радиация таралған болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. 10 қараша 2017, 10:54 2 361 рет қаралды
"Басына секірді": Куәгерлер полицейлердің күдіктіні қалай тұтқындағаны туралы айтып берді Қазақстанда

"Басына секірді": Куәгерлер полицейлердің күдіктіні қалай тұтқындағаны туралы айтып берді

Қарағандыда 25 жастағы ер адамның өлімінің себебі анықталып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ер адамның айғайын бүкіл аудан естіген, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.  Бейнежазба 10 қараша 2017, 10:36 2 631 рет қаралды
Сириядағы соғыстан қашып шыққан БҚО тұрғыны 10 жылға сотталды Қазақстанда

Сириядағы соғыстан қашып шыққан БҚО тұрғыны 10 жылға сотталды

Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданының тұрғыны Жанат Арыстанов Сириядағы әскери қимылдарға қатысқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Уральская Неделя.  10 қараша 2017, 09:52 2 207 рет қаралды
Жаңа жылда – жаңа «Ақ Жайық» Басқа жаңалықтар

Жаңа жылда – жаңа «Ақ Жайық»

Жақын арада 2018 жылға газетке жазылу жүргізілмейтінін, қаңтардан бастап «Ақ Жайықты» біздің azh.kz сайтынан және әлеуметтік желілерден электронды нұсқада оқи алатындарыңызды хабарлаған едік. Оқырмандардан, әсіресе, газеттің қағаз нұсқасына үйреніп қалған аға буын өкілдерінен көптеген қоңыраулар, өтініштер мен  шағымдар түскеннен кейін 2018 жылы да «Ақ Жайықты» жаңа, анағұрлым ықшамдалған түрде басып шығару туралы шешім қабылданды. 9 қараша 2017, 17:32 3 454 рет қаралды
Өлі және тірі су Басқа жаңалықтар

Өлі және тірі су

Су тазартуға арналған құмыра-сүзгілер, көпсатылы сүзгілер, кері осмос... Бүгінде нарықта шүмектен ағатын қауіпті суды пайдалы суға айналдыру үшін не ұсынылмайды десеңізші. «АЖ» тілшісі анық-қанығын анықтауға тырысқан еді. Сурет Бейнежазба 9 қараша 2017, 19:17 16 663 рет қаралды
НАТО Ауғаныстанға тағы да әскер жібереді Әлемде

НАТО Ауғаныстанға тағы да әскер жібереді

Бүгін НАТО-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері Брюссельде Ауғаныстанда 16 жылдан бері жалғасып келе жатқан қақтығысты талқылау үшін бас қосады. Осы аптада НАТО Ауғаныстанға қосымша 3 мың әскер жіберіп, ондағы одақтас мемлекеттер күштерінің санын 16 мыңға жеткізетінін хабарлаған болатын. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.  9 қараша 2017, 17:16 1 751 рет қаралды
Қазақстанға Ресейден 90 мың тонна дизельдік отын жеткізіледі Қазақстанда

Қазақстанға Ресейден 90 мың тонна дизельдік отын жеткізіледі

«ҚазМұнайГазӨнімдері» Ресейден Қазақстанға 90 мың тонна дизель отынын импорттайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар орталығында тілшілер сұрағына жауап берген «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС бас директоры Қуандық Құлмырзин мәлім етті. 9 қараша 2017, 16:45 2 562 рет қаралды
Ұлттық банк: Bank RBK берілген қаржыны 5 жыл ішінде қайтарады Қазақстанда

Ұлттық банк: Bank RBK берілген қаржыны 5 жыл ішінде қайтарады

Bank RBK-ның проблемалы порфелімен жұмыс үстеу кезінде түскен қаражат банктің ірі кредиторлар алдындағы қарызын жабуға жұмсалады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлімдеді. Бүгін Парламент сенатының пленарды отырысында депутаттар Bank RBK пен Delta bank-те болып жатқан жағдайларды түсіндіруді сұрады. 9 қараша 2017, 14:25 2 207 рет қаралды
Бішкек Астанаға қарсы ақпараттық соғыс жариялады – сарапшы  Қазақстанда

Бішкек Астанаға қарсы ақпараттық соғыс жариялады – сарапшы

Қырғызстандық троллдар әлеуметтік желілердегі фейк аккаунттар арқылы Қазақстандағы қоғамдық пікірді қалыптастыруға тырысып жатыр. Atameken Business Channel бақылау кеңесінің төрағасы Қанат Сахариянов осындай пікір білдірді.  9 қараша 2017, 14:19 1 804 рет қаралды
АҚШ соңғы 16 жылда соғысқа 4 триллион қаржы жұмсаған Әлемде

АҚШ соңғы 16 жылда соғысқа 4 триллион қаржы жұмсаған

АҚШ Нью-Йорктегі дүниежүзілік сауда орталығының екі мұнарасына жасалған шабуылдан кейін, шетелдегі соғысқа 4,3 триллион доллар қаржы жұмсаған екен. Бұндай тұжырымды Браун университетінің Уотсон халықаралық зерттеулер институтының баяндамасының авторлары жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 9 қараша 2017, 14:05 2 121 рет қаралды
Сириядағы қазақстандық әйелдер мен балалар Ресейге жеткізілмек  Қазақстанда

Сириядағы қазақстандық әйелдер мен балалар Ресейге жеткізілмек

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің Сирия лагерлерінен табылған 40-тан астам азаматы Шешенстан астанасына жеткізіледі, деп хабарлады Шешенстан мемлекет басшысы Рамзан Қадыров. 9 қараша 2017, 14:00 2 144 рет қаралды