Атырау, 25 қараша 22:35
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кроссфит аймағы - 150 миллион теңге

2 568 просмотра


Бүгінде мұнай астанасында 11 мектеп пен 20 балабақшаны жобалау жұмыстары жүріп жатыр, Атырау мен қала маңындағы Ақсай ауылында екі музыка мектебінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындау аяқталды. Бұл туралы брифингте қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Тимур БАСАРОВ хабарлады.

«АЖ» сауалдары:

- Қала маңындағы Талғайраң ауылының жанындағы жаңа ірі тұрғын үй массивінің құрылысы қалай жүріп жатыр?

- Ол жерде біртіндеп 5 мөлтек аудан - көп қабатты 471 үй, жалпы алғанда 37 260 пәтер салынады. Әлеуетті құрылыс салушылар қызығушылық танытып отыр, бұл мәселе алға жылжуда.

- Кейбір мамандар ол жердің топырағы мұндай құрылыс үшін қолайлы емес деп есептейді.

- Барлық қажетті сараптамалар жүргізілді – ол жерде бұл тұрғыда барлығы қолайлы.

- Осы айдың басында Исатай мен Махамбет алаңы қалпына келтіру жұмыстары үшін жабылды. Бірақ қазір ол жер тып-тыныш.

- Орталық алаңдағы қалпына келтіру жұмыстарына біздің қатысымыз жоқ.

- Нұрсаядағы киноконцерт залын салу жұмыстары қашан жалғасады? Кезінде бұл объектіні 2017 жылдың соңына дейін салып бітіреді деген еді.

- Бұл облыстық құрылыс басқармасының құзырында, менде толық ақпарат жоқ.

- Атырауда 5 кроссфит аймағын (пауэрлифтинг, гимнастика және т.б. тегін жаттығулар үшін ашық алаңдар – Ф.А.) жабдықтау жоспарлануда. Мұның құны қанша болады?

- Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Бір кроссфит аймағы шамамен 150 миллион теңгеге шығады.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

23 шілде 2018, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.