Атырау, 20 сәуір 13:47
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​«Эйр Астана» әуе компаниясында 12 рейс тоқтатылды

2 154 просмотра


Әуе кемесінің сынуына байланысты «Эйр Астана»  авиакомпаниясы ішкі және халықаралық қатынастағы 12 рейсті тоқтатты.  Бұл туралы әуе компаниясының ресми парақшасында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Өндірістік қажеттіліктерге байланысты Алматы және Астана әуежайларында бірқатар рейс тоқтатылуы немесе  кешіктірілуі мүмкін»,-делінген жазбада. 

Астана әуежайы баспасөзінен бас қаладағы жағдайдың қалыпты екенін, штаттық режімде жұмыс істеп жатқандарын айтты.  Мәселе әуе тасымалдаушыларда туындаған болуы мүмкін. 

«Бүгін, 23 шілде күні техникалық себептерге байланысты Алматы - Астана - Алматы бағытындағы 3 рейс тоқтатылды. Алматы әуежайында Бейжің, Дубай, Ақтөбе, Астана, Шымкент және кері бағытындағы рейстер кешіктіріледі. Астана әуежайында Орал, Өскемен, Омбы және Санкт-Петербург бағытындағы рейстер уақытынан кеш ұшады. Ертең  Астанадан Қостанай мен Шымкентке бағыт алатын рейстің кешіктірілуі мүмкін. Әуе компаниясы туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды»,-деді баспасөз қызметінен. 

Компаниядан мәлім еткендей, рейстердің тоқтатылуы әуе кемелері қызметіндегі қателіктермен байланысты. Қазіргі таңда кемшіліктермен жұмыс жүргізіліп жатыр. Тоқтататылған немесе басқа уақытта ауыстырылған рейстердің тізімін компанияның ресми парақшасынан көреуге болады.

Дереккөз: inform.kz

23 шілде 2018, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.