АҚШ президенті Дональд Трамп Барак Обаманы жауапкершілікке тартуды ұсынды. Дональд Трамп өзінің Twitter парақшасына президент сайлауы маңындағы дауға қатысты мәлімдеме жасады.
Онда ол: «Әділет министрлігі, ФБР сияқты Барак Обама бастаған банда менің сыртымнан бақылау жасағаны үшін жауапқа тартылуы тиіс» - деген. Трамптың сөзінше, Обама командасы Хиллари Клинтонның заңсыз тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын білген және ешқандай кедергі келтірмеген.
Естеріңізге салайық, 2017 жылдың қаңтар айында ұлыбританиялық агент Кристофер Стил Buzzfeed сайтына Дональд Трампқа қатысты мәліметтер жариялаған. Онда Ресей билігінің Дональд Трампқа қатысты арнайы компромат құжаттары бар делінген болатын.
Ал 2017 жылдың қазан айында The Washington Post басылымы «Трампқа қарсы жүргізілген тексеру жұмыстарын Хиллари Клинтонның сайлау алды штабы қаржыландырған» деген ақпарат таратқан.
Дереккөз: “The Qazaq Times”