Атырау, 20 ақпан 02:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

​Вьетнамда тайфун құрбандарының саны 32 адамға жетті

1 897 рет қаралды


Вьетнамның солтүстік және орталық аудандарында «Сон-Тинх» тайфунының салдарынан болған су тасқындары мен лай көшкіндері кем дегенде 32 адамның өмірін қиды. 

АЗЕРТАДЖ агенттігі Вьетнам үкіметінің мәліметтеріне сүйеніп хабарлауынша, тағы 17 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. «Сон-Тинх» тайфуны өткен аптаның сейсенбісінде Оңтүстік Кореяда пайда болған еді. 

Екі күннен кейін Вьетнамға лап қойды. Көптеген аудандар қуатты нөсерлерден зардап шекті, олардың арасында ел астанасы - Ханой бар. Топан су 5 мыңнан астам үй мен ғимаратты шайып кетті немесе қиратты. 82 мың гектарға жуық ауылшаруашылық жерлері су астында қалды. 

Дереккөз: inform.kz

24 шілде 2018, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.