Мәскеу соты мемлекетке сатқындық жасау ісі бойынша екінші күдіктіні қамауға алуға санкция берді. "Интерфакс" агенттігі дереккөзінің хабарлауынша, қамалған адам Ресейдің ғарыш-зымыран саласында мемлекетке сатқындық жасау ісіндегі екінші күдікті болуы мүмкін.
Бұған дейін БАҚ қылмыстық істе тағы бір күдікті пайда болғанын хабарлаған.
"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы екінші күдікті туралы хабары жоғын мәлімдеді.
Бұл іс бойынша бұған дейін "Роскосмос" қызметкері Виктор Кудрявцев ұсталып, қамалған. Тергеушілер ол ұстала сала Машина жасау орталық ғылыми-зерттеу институтын (ЦНИИмаш) және басқа да нысандарды тінткен.
Дереккөз: azattyq.org