Атырау, 23 желтоқсан 04:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Путин Назарбаевқа қоңырау соқты

2 213 рет қаралды


Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа қоңырау соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады. 

Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде биылғы 12 тамызда Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммиті аясындағы кездесулер барысын қарастырды. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

23 шілде 2018, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.