Атырау, 30 қараша 03:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Эстония Барлау Департаментінің басшысы: өз арамыздан Ресейдің тыңшыларын таптық

1 404 просмотра


Микк Марран Эстонияның Сыртқы барлау департаментінің бас директоры Микк Марран елдегі қоғам қайраткерлерінің арасынан Ресейдің тыңшысы болып табылатын адамдардың ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы lemonde.fr басылымы хабарлайды.  

«Біз саясаткерлерден, журналистерден, дипломаттардан және кәсіпкерлерден құралған топ құрдық. Олардың арасында Ресейге жұмыс істейтін тыңшыларды таптық. Біз сол адамдардың ресейлік жоспарларға жұмыс істейтінін анық білеміз», - деді. Ол сонымен қатар: «Соңғы уақытта Ресейдің өз тыңшыларын көбірек пайдаланып, олардың ықпалдарын арттыруға тырысқанын байқап жүрміз», - деді. Еске салайық, осыған дейін Ұлыбритания билігі де Ресейдің тыңшылық әрекеттеріне қатывсты мәлімдеме жасаған еді. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

23 шілде 2018, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.