Атырау, 23 желтоқсан 04:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қарағандыда қасақана жасалған өрттің шығыны 70 миллион теңгеге жетті

Бейнежазба
1 985 рет қаралды


Қарағандыда жиһаз дүкенін өртеді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдікті қамауға алынды. 

"2018 жылдың 16 шілдесінде Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің тергеу бөлімінде  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 202-бабы ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру") бойынша алдын-ала тергеудің Бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады өңірлік Ішкі істер бөліміндегілер. 

Полициядағылардың айтуынша, алдын-ала тергеу барысында бірқатар сараптама тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жиһаз дүкеніндегі өрт 14-нен 15 шілдеге қараған түні болған. Дүкен басшылығы өрт шығынын 70 миллион теңге шамасында болатынын есептеді. 

"Біз шамамен 70 миллион теңге жоғалттық. Бұл дүкенді жөндеу жұмысына кететін қаржымен есептегендегі баға", - деді дүкендегілер. 

ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, өрт 350 шаршы метр аумақты қамтыған. Кейінірек өрттің қасақана жасалғаны анықталған. Жиһаз дүкенінің әкімшілігі Instagram-дағы ресми парақшасында видео жүктеген. Онда газтұтқышпен бүркенген белгісіз адамның канистрдағы сұйықтықты ғимарат ішіне құйғаны көрінеді.



Дереккөз: tengrinews.kz

24 шілде 2018, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.