Атырау, 29 желтоқсан 13:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Барлық жаңалық

Тариф төмендеді Басқа жаңалықтар

Тариф төмендеді

Табиғи монополияларды реттеу департаменті Махамбет ауданының Махамбет ауылындағы сумен қамту тарифі текше метрі үшін 33% -ға, яғни, 110,6 теңгеден 74,18 теңгеге дейін төмендейтінін хабарлады. Департаменттегілер мұны былай түсіндірді: 9 ай бұрын аудан орталығын сумен қамтумен «Ғұмаров» ЖК айналыса бастаған. Сол кезеңде ол үшін тариф жеңілдетілген тәртіппен бекітілген. Ал қазір нақты мәліметтер бойынша ортақ тәртіппен есептеледі. 14 мамыр 2019, 19:14 2 364 рет қаралды
Құқық қорғаушылардың қорықтағы қырқысы Басқа жаңалықтар

Құқық қорғаушылардың қорықтағы қырқысы

Әлеуметтік желілерде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының шығар ауызынан полицейлердің «Chevrolet NIVA» мен «Лада-Niva» көлігін тоқтатқан бейнежазбасы таралған. Бейнежазбада анық көрініп тұрғандай, «Шевролеттен» Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің 7-басқармасының басшысы Бақытжан ҒҰБАЙДУЛЛИН шығып, полицейлердің құжаттарын және жүксалғышты тексеруіне мүмкіндік бермей тұр. Толықтырылды Бейнежазба 14 мамыр 2019, 11:10 5 863 рет қаралды
Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтың себебі анықталды Қазақстанда

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтың себебі анықталды

2017 жылдың 10 тамызда Алматы қаласының түбінде оқу-жаттығу кезінде ұшақтың апатқа ұшырауына негізгі себеп қатты желдің болуы. Бұл туралы бүгін ҚР  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Авиациялық және оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов айтты.   14 мамыр 2019, 16:31 2 674 рет қаралды
Амстердам соты Қазақстанның Қашаған туралы арызын кері қайтарды Қазақстанда

Амстердам соты Қазақстанның Қашаған туралы арызын кері қайтарды

Амстердам апелляциялық соты 7 мамырда құны 5,2 миллиард доллар тұратын Нидерландтың KMG Kashagan B.V. компаниясындағы "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры акцияларына салынған тыйымды күшінде қалдырды. Бұл туралы 13 мамырда Әділет министрлігі хабарлады. 14 мамыр 2019, 14:55 2 860 рет қаралды
Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа басшы Басқа жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа басшы

Мамырдың басындағы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетіндегі кадрлық ауыс-түйістер Атырауға да келіп жетті. 14 мамырда комитет төрағасының орынбасары Талғат Мамаев мұнайлы астанаға келген сапарында Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы Қайрат ЖҰЛМҰХАМБЕТОВТІ таныстырды. 14 мамыр 2019, 14:54 4 098 рет қаралды
Шын мықты жекпе-жекте олжа салар Қоғам

Шын мықты жекпе-жекте олжа салар

Жуырда Атырау облысы айтыскерлерінің арасында тұңғыш рет жекпе-жек айтыс жобасы басталды. Мақсаты - айтыстың қазіргі кезде сирек қолданылып жүрген жұмбақ, өтірік өлең, қайым айтыс секілді жанрларын қайта жаңғырту. Жобаның алғашқы жұбы ретінде исатайлық Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ пен тілшілеріңіз - Құрманғазы ауданы атынан шыққан Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 7 мамырда Құрманғазы ауданында, 9 мамырда Исатай ауданында айтысты. Бейнежазба 14 мамыр 2019, 12:15 4 835 рет қаралды
Ойын алаңын кім ойрандады? Басқа жаңалықтар

Ойын алаңын кім ойрандады?

Индер ауданының орталығы Индербор кентінде 2016 жылы 28 млн теңге бюджет қаржысына екі футбол алаңшасы салынды. Бір жылдан соң демеушілік қаржымен тағы бір алаң пайдалануға берілді. Алайда арада аз уақыт өтсе де, үш алаңның да жасанды көгалдары сыпырылып, қоршаулары бұзылыпты. Сурет 14 мамыр 2019, 10:31 2 922 рет қаралды
Сириядан қайтқан 20 қазақстандықтың алтауын Атырауға әкелді Басқа жаңалықтар

Сириядан қайтқан 20 қазақстандықтың алтауын Атырауға әкелді

«Жусан-2» арнайы операциясы туралы ҚР СІМ баспасөз конференциясында 7 және 9 мамыр күндері Сириядан қайтарылған 231 қазақстандықтың 20-сы ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жағында террористік іс-әрекетке қатысты деген күдікпен тұтқынға алынғаны хабарланды. Олардың алтауы – 4 ер адам мен 2 әйел тергеу жұмыстарын жүргізу үшін этаппен Атырауға жіберілді. 14 мамыр 2019, 09:58 3 497 рет қаралды
​"Қазақстандық футболдың 90 пайызы - дарынсыз адамдар" - Боранбаев Қазақстанда

​"Қазақстандық футболдың 90 пайызы - дарынсыз адамдар" - Боранбаев

"Қайрат" бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Sports True-ге берген сұхбатында қазақстандық футболдағы мәселелер туралы баяндап, оның 90 пайызы дарынсыз адамдардан құралғанын айтты. Сонымен қатар, Боранбаев футбол туралы заң шығаруды ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.   14 мамыр 2019, 09:37 2 835 рет қаралды
Сот Украинаның жаңа президенті Зеленскийге айыппұл салды Әлемде

Сот Украинаның жаңа президенті Зеленскийге айыппұл салды

Киевтің Оболонск аудандық соты президент сайлауында жеңіске жеткен Владимир Зеленскийді "сайлау заңын бұзды" деп, 850 гривен (шамамен 45 доллар) айыппұл салды. Сот шешіміне қарағанда, Зеленский 21 сәуірде, президент сайлауының екінші кезеңі өткен күні, сайлау учаскесінде журналистерге дауыс беру парақшасын көрсеткен. Заңға сәйкес, бұл дауыс беруді құпия сақтау тәртібін бұзады. 14 мамыр 2019, 09:29 3 030 рет қаралды
Қазақстан мен Болгария сотталғандарды беру туралы келісімге келді Қазақстанда

Қазақстан мен Болгария сотталғандарды беру туралы келісімге келді

Бүгін София (Болгария) қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов Болгарияның Бас прокуроры Сотир Цацаров пен Әділет министрі Данаил Кириловпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  13 мамыр 2019, 17:23 2 797 рет қаралды
АЖЭО жаңартылады, бірақ тариф көтерілмейді Басқа жаңалықтар

АЖЭО жаңартылады, бірақ тариф көтерілмейді

Қазақстанның электр энергетикасы нарық кеңесінің президиумы Атырау ЖЭО-ның жаңа инвестициялық бағдарламасын мақұлдап, оны ҚР Энергетика министрлігіне қарауға жіберді. Бұдан кейін өңіріміздегі электр энергиясының тарифі көтеріліп кетпей ме? «АЖ» «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Айвар РАХМАНОВҚА сұрақтар қойған еді. 13 мамыр 2019, 17:15 3 028 рет қаралды
Сириядан қайтарылған 16 ер адам лаңкестік күдігі бойынша тұтқындалды Қазақстанда

Сириядан қайтарылған 16 ер адам лаңкестік күдігі бойынша тұтқындалды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев Сириядан қайтарылғандар Қазақстанның қай өңірлерінен барғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 13 мамыр 2019, 15:40 6 125 рет қаралды