Атырау, 23 желтоқсан 22:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматыда аялдамада көлік қағып кеткен әйелдің екі аяғы ампутацияланды

4 023 рет қаралды


Дәрігерлер Алматыда аялдамада болған жол апатынан зардап шеккен әйелдің жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің екі аяғы да ампутацияланды.

"Әйел жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған қажетті көмекті көрсетті. Ол қазір жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Екі аяғы да ампутацияланды. Травматикалық шок алған", - деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда аялдамада тұрған әйелдің аяғын көлік жұлып кеткені хабарланған болатын. Жол апаты Мақатаев пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында болған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

5 наурыз 2020, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.