Атырау, 15 қыркүйек 16:45
 дождьВ Атырау +31
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

Астана алғаш рет УЕФА Суперкубогы матчын қабылдайды

40 рет қаралды

2028 жылғы УЕФА Суперкубогы үшін өтетін матч «Астана Арена» стадионында өтеді. Қазақстан өз тарихында алғаш рет еуропалық клубтық турнирдің трофейі сарапқа салынатын ойынды қабылдайды.

Бұл шешім 15 қыркүйекте Грекияның Салоники қаласында өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды. 2027 және 2028 жылдардағы Суперкубок өтетін қалаларды таңдау отырыстың ресми күн тәртібіне енгізілген болатын.

Астанада 2027/28 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары кездеседі. Матчқа қатысушылар екі турнир де аяқталғаннан кейін белгілі болады.

УЕФА Суперкубогы бір ойын форматында өтеді және дәстүрлі түрде еуропалық клубтық жарыстардың жаңа маусымын ашады. Егер негізгі уақыт тең аяқталса, жеңімпаз пенальти сериясында анықталады.

2027 жылғы Суперкубок матчын Амстердамдағы «Йохан Кройф Арена» қабылдайды.

«Астана Арена» 2009 жылы ашылған және 30,2 мыңға жуық көрерменді сыйдыра алады. Стадион «Астана» футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының өз алаңындағы ойындарын өткізетін басты аренасы.

Бүгін, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.