ПАНКРАТИОН
«Атырау» ДСК-де панкратионнан NFC 23 халықаралық турнир өтті. Қазақстандық 11 спортшы шетелдік спорт шеберлерімен бақ сынасты. Атыраулық спортшылардың қатысуымен 5 жекпе-жек өтіп, барлығы да жеңіспен аяқталды.
56,1 келіге дейінгі салмақта Фархад Қожантаев төрешілердің бірауыз шешімімен Өзбекстан өкілі Козим Жорабоевтан басым түсті. 62 келіге дейінгі салмақта Мейірбек Төлегенов өзбекстандық Мурат Исмоиловқа еш мүмкіндік қалдырмады. 70,3 келіге дейінгі салмақта Әділбек Қайырғали бірінші раундта ташкенттік Лочинбек Юлдашевті тұншықтыру әдісімен жеңіп шықты. Ал 61,2 келіге дейінгі салмақта тәжірибелі палуан Самат Жағпаров та Лазибек Каримовпен жекпе-жекке шығып, бірінші раундтың соңын осылай ақтады.
Кештің негізгі жекпе-жегінде атыраулық спортшы Исатай Теміров екінші раундта ресейлік Максим Труновты нокаутқа түсіріп, «NFC» чемпиондық белбеуінің иегері атанды.
ФУТБОЛ
«Атырау» ФК 4-5 сәуірде (чемпионат күнтізбесінде осылай көрсетілген) «Мұнайшы» стадионында Бірінші Лига чемпионатының өз алаңындағы алғашқы матчын «Байқоңыр» командасымен өткізеді.
Команда бұл маусымды Шымкентте бастайды, онда 16-23 наурыз аралығында Қазақстан Кубогының алдын-ала кезеңінің 3 матчын: 16 наурызда «Екібастұзбен», 20 наурызда «Ақсумен» (Степногорск) және 23 наурызда «Академия Оңтүстікпен» (Шымкент) өткізеді.
ФУТЗАЛ
«Атырау» командасы «Аят» (Рудный) командасымен 19 және 20-тур матчтарын сырт алаңда өткізді.
Бірінші матч 5:5 есебімен тең аяқталды, екінші кездесуде «Атырау» 3:5 есебімен ұтылып қалды. Команда 12 матч өткізіп, 25 ұпаймен чемпионатта 5-ші орынға жайғасты. Чемпионат сәуірдің ортасында аяқталады.
ШАХМАТ
Атырауда Инженерлік-гуманитарлық институт ректорының кубогы үшін турнир өтіп, оған 8-ден 80 жасқа дейінгі 64 шахматшы қатысты.
Абсолютті біріншіліктегі турнир нәтижелері: 1-орын - Серік Кенжеев, 2-орын - Нұрбек Хайрошев, 3-орын - Ибрагим Ғалымжанұлы. Ардагерлер арасында Байлаубай Тұмбаев, әйелдер арасында - Диляра Ғабитова, жасөспірім ұлдар арасында - Аят Абдуллаев, қыздар арасында Тоғжан Аронова жеңімпаз атанды.
ГРЭППЛИНГ
Ақтауда грэпплингтен Қазақстан чемпионаты өтті. Бапкер Асқар Исағалиев жетекшілік еткен Атырау облысының құрамасы осы турнирде 7 алтын, 2 күміс және көптеген қола алқа жеңіп алып, командалық есепте үшінші орын алды.
«Ги» бөлімінде Мейрамбек Айғалиев (38 кг дейін), Магомед Дибдиев (42 кг дейін), Мейірлан Ғарифолла (55 кг дейін) және Абылайхан Марат (72 кг дейін) чемпион атанды. Амантай Дулат күміс жүлдеге ие болды. Қола алқа Арсен Ризуанов, Кенжеғали Қасымхан, Әли Өтеген, Ернұр Жағпар, Сергей Мейрам, Тұрлан Баязов және Жомарт Нұрдәулетке бұйырды.
Басқа бөлімде М.Абылайхан, А.Дулат және Әдемі Дүйсенғалиқызы (30 келіге дейін) чемпион атанды. А.Ризуанов күміс алқа жеңіп алса, Айдын Атауов, Е.Жағпар, Ә.Өтеген, Азамат Олжауов, Тұрғанбек Рахымжан және Әлимансұр Жақсыбай қола жүлде иеленді. Осы құрамдағы 10 спортшы жазда Анталияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.
БЕЛДЕСІП КҮРЕСУ
Қазанда белдесіп күресуден Бүкілресейлік ашық турнир өтті.
Мұнда атыраулық үш спортшы табысты өнер көрсетті: Амандық Абылай күміс алқа, Айбек Ахметов пен Майдан Батанов қола алқа алды.
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР
№1 Балалар мен жасөспірімдер спорт балалар арасында бес асық және ересектер арасында асық атудан командалық облыс кубогы өтті.
Бес асық бойынша 1-орынды Мақат ауданының командасы атынан апалы-сіңлілі Мәдина мен Бақтыгүл Төлегеновалар және Амангүл Төленова алды. 2-орын Жылыой ауданы командасының еншісінде: Раушан Ибраева, Райхан Ахметова және Хадиша Мұхалбек. 3-орында Исатай ауданының командасы: Айнаш Мугаепова, Орынгүл Санатова және Гүлназ Сабыржанова.
Асық ату бойынша 1-орынды Атырау қаласының командасы (Бекбол Әбуов, Рүстем Ермұратов пен Аслан Табынбаев), 2-орынды - Мақат ауданы (Мұрат Қайыров, Ербол Құбайдоллаев пен Ғалымжан Нарынбаев), 3-орынды - Махамбет ауданы (Дархан Құрмашев, Дастан Аманбаев пен Бағдат Қабақов) алды.
КАРАТЭ
Алматыда жасөспірімдер мен ересектер арасында шинкиокушинкай каратэ бойынша ел чемпионаты өтті. Атырау құрамасы 3 күміс және 3 қола алқа жеңіп алды.
Ересектер арасында күміс алқа Бауыржан Күмісқалиев, Кристина Телятова мен Алмас Төлеуовке, қола алқа Әлихан Құмарғалиевқа бұйырды. Жасөспірім ұлдар арасында Ринат Наукебаев пен Бекзат Әміров қола алқа жеңіп алды. Спортшыларды бапкерлер Е.Цой және Н.Кенжеболатов дайындады.
ДЗЮДО
Анталияда жастар арасында Еуропа кубогы өтті.
55 келіге дейінгі салмақта атыраулық спортшы Олжас Құмар қола алқа жеңіп алды.
БОКС
Миялыда 2005-08 ж.т. жасөспірімдер арасында Жеңістің 75 жылдығына арналған ашық облыстық турнир өтті.
Турнирге Батыс Қазақстанның бірнеше қаласынан командалар қатысты. Атыраулық спортшылардан өз салмақ дәрежелері бойынша Райымбек Таубай, Равиль Сабитов, Нұрмұхаммед Алдаберген, Азамат Дүзелбаев, Манарбек Жалмұхан, Мадияр Орақбай, Исламбек Беркинғали, Расул Қалкен, Дінмұхаммед Рашит, Әлихан Сағындық, Рауан Мейрамбек, Әлихан Парух, Шапағат Саятов, Қуаныш Есболайұлы және Әли Әміржанұлы жеңімпаз болды.
* * * * *
Өзбекстанның Чирчик қаласында Өзбекстанның Еңбек сіңірген бапкері Н.Яхшиликовты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.
Бұл жерде бас бапкер Азамат Байдуллиев бастаған Атырау облысының құрамасы 1 алтын және 3 қола алқа жеңіп алды. 48 келіге дейінгі салмақта Нұржан Жұбанов сайыс жеңімпазы атанса, қола алқа Ержан Жұбановқа (42 келіге дейін), Бақтияр Ғилажевқа (44 келіге дейін) және Ертай Сағынжанға (46 келіге дейін) бұйырды.
ТАЭКВОНДО
Алматыда кадеттер, юниорлар және ерлер арасында ашық республикалық «Сһаmpion» турнирі өтті.
Бұл жерде Атырау Олимпиадалық резервтегі дайындық орталығының командасы керемет өнер көрсетті. «Олимпиадалықтардың» қоржынына 1 алтын, 4 күміс және 3 қола алқа салынды.
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ
Жаңаөзенде 2005-10 ж.т. жасөспірімдер арасында өткен республикалық турнирде №4 Атырау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жақсы жетістікке жетті.
Команда 3 күміс және 16 қола жүлдені жеңіп алды. Балаларды турнирге бапкерлер Б. Баймұратов пен А.Өткелбаев дайындады.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ