Атырау, 15 қыркүйек 15:18
 дождьВ Атырау +28.9
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

Атырау жолдарындағы қайғылы статистика: 42 адам өмірден озды

94 рет қаралды

Биылғы сегіз айда Атырау облысында 1053 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 

Олардың салдарынан 42 адам қаза тауып, 1594 адам түрлі жарақат алған. Бұл деректерді облыстық Полиция департаментінің патрульдік қызметін ұйымдастыру тобының инспекторы Айбек Әлімов брифингте жария етті.

Жол апаттарының алдын алу үшін өңірде «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Тасымалдаушы», «Автобус», «Мопед», «Қауіпті жүргізуші», «Жалған нөмір» сияқты профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Негізгі назар жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау ережесін бұзу, жаяу жүргіншілер өткелінде тәртіп сақтамау, қауіпсіздік белдігін тақпау және жүк тасымалдау талаптарын бұзу сияқты құқық бұзушылықтарға аударылуда.

– Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік полиция тәулік бойы қызмет атқарып, апат қаупі жоғары учаскелерде бақылауды күшейтуде. Сонымен қатар жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, – деді А. Әлімов.

Қазір жол қозғалысын бақылау үшін «Кибер-шериф», «Трафик-сканер», «Оракул-Инсайт», «Екин-патруль» сияқты автоматты жүйелер қолданылады. Олар республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда, сондай-ақ қала мен аудандарда орнатылған.

Бүгін, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.