Атырау, 23 қараша 06:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудағы 91 метрлік тутұғыр жазда бой түземек

3 508 просмотра


Тутұғырдың биіктігі өзгермейді, оны орнату осы жылдың шілдесіне жоспарланып отыр, -деп мәлімдеді қала әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде.

- Тутұғырдың биіктігі бұрынғыша 91 метр күйінде қалады. Жаңа тутұғырды жасауға  Түркияның басқа бір зауытына тапсырыс берілді. Бұрынғысы дұрыс есептеліп жасалмаған, материалдар мен оның төзімділігін таңдау бойынша техникалық қателіктер жіберілген. Құлаған кезде ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір барлық есептеулер мен материалдар тексерілуде. Егер жаңа тутұғырды Түркиядан әкелу мерзіміне коронавирусқа қатысты жағдай  кедергі келтірмесе, оны шілдеде орнатуды жоспарлап отырмыз, - деді қала басшысы.

Естеріңізде болса, Атыраудағы Республика алаңында салынып жатқан 91 метрлік тутұғыр 2019 жылдың 20 желтоқсанында жартысынан бөлініп сынып, жерге құлаған болатын. «Kastador» ЖШС мердігерлік ұйымының директоры Айдын ӘЛМҰХАМБЕТОВ сол кездегі тутұғырдың құлау себептерінің бірі дәнекерленген жігінің жарылуы деп атады. Оның айтуынша, тұғыр құрылымы бір-бірімен бұрандама арқылы жалғасқан 8 секциядан тұрады, ал жік жарығы өндірістік ақау себебінен орын алған. Түтұғырды өткен жылдың аяғында орнатуға тиіс болатын.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 наурыз 2020, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.