Атырау, 23 желтоқсан 22:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Интернетте бетперделердің жаппай сатылуына байланысты тексеріс басталды

2 772 рет қаралды


Құзыретті органдар Желіде медициналық бетперделерді көтерме бағамен сатып жатқандарды тексереді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақпанда бөлшек саудада 9 миллионға жуық бетперде болды. Халық дүрліккен соң маска тапшылығы байқалды. Сұраныс да артты, сондықтан дәріханалар жаппай бетперде сатып алып жатты. Нәтижесінде хабарламалар сайтында дәріханалардан 20 теңгеге сатып алынған бетперделер 100 теңдеген сатылды", - дейді Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының директоры Арнұр Нұртаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәліметтер тексеріліп жатыр.

Еске салайық, осыған дейін еліміздегі хабарламалар сайтында медициналық бетперделердің жаппай сатылғаны байқалған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 наурыз 2020, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.