Атырау, 29 желтоқсан 12:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Барлық жаңалық

Головкин мен Сондерс жазда Қазақстанда жұдырықтасады - БАҚ Қазақстанда

Головкин мен Сондерс жазда Қазақстанда жұдырықтасады - БАҚ

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) және осы салмақтағы WBO белбеуінің иегері ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО)  жазда Қазақстанда жұдырықтасуға келісті. Бұл туралы Boxing Legends TV интернет-арнасының Twitter желісіндегі парақшасы хабарлап отыр. 24 қаңтар 2017, 10:15 2 440 рет қаралды
Сирия күрдтері Астанадағы кездесудің шешімдерін орындаудан бас тартты   Әлемде

Сирия күрдтері Астанадағы кездесудің шешімдерін орындаудан бас тартты

Күрдтің өзін-өзі қорғау жасақтары Астанадағы сирияаралық келіссөздер барысында қабылданатын шешімдерді ұстанбайтынын мәлім етті. Бұл туралы ұйымның мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  24 қаңтар 2017, 10:09 1 595 рет қаралды
Бұрынғы ұлттық экономика вице-министрі "Бәйтерек" холдингіне келді  Қазақстанда

Бұрынғы ұлттық экономика вице-министрі "Бәйтерек" холдингіне келді

Айдар Арифханов "Бәйтерек" холдингі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 24 қаңтар 2017, 10:06 2 490 рет қаралды
Трамп Транс Тынық мұхиты серіктестігінен шығу жарлығына қол қойды Әлемде

Трамп Транс Тынық мұхиты серіктестігінен шығу жарлығына қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп елді Транс Тынық мұхиты серіктестігінен шығару туралы жарлыққа қол қойды. Сенат АҚШ-тың бұл серіктестікке кіруін сол күйі мақұлдамағандықтан Трамптың шешімі шартты ғана саналады. Трамп келісімнен бас тартуды "америкалық еңбекшілер үшін тамаша жаңалық" деп атап, Вашингтон серіктестікке мүше елдермен, оның ішінде Австралия, Мексика, Жапония, Малайзия және Жаңа Зеландиямен екі жақты келісім жасайтынын мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 24 қаңтар 2017, 10:02 1 950 рет қаралды
Наурыздың ортасынан бастап тіркелмеген қазақстандықтар айыппұл төлейді Қазақстанда

Наурыздың ортасынан бастап тіркелмеген қазақстандықтар айыппұл төлейді

Астана. 23 қаңтар. ҚазТАГ Оксана Скибан. Қазақстанда тіркелмегені үшін әкімшілік жауапкершілік ағымдағы жылдың наурыз айының ортасынан бастап, тіркеудің жаңа ережелері әзірленгеннен кейін ғана енгізілетін болады, деп мәлім етті ҚР ішкі істер министрлігінің көші-қон полициясы департаментінің бастығы Серік Сайынов. 23 қаңтар 2017, 16:50 2 184 рет қаралды
Прокурор Ғабдуллинге 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасын сұрады Қазақстанда

Прокурор Ғабдуллинге 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасын сұрады

Астанада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында Central Asia Monitor газетінің бас редакторы әрі Radiotochka.kz порталының шығарушысы Бигелді Ғабдуллиннің қылмыстық ісі бойынша сот процесінде тараптардың жарыссөзі өтіп жатыр,- деп хабарлады Азаттық. 23 қаңтар 2017, 15:52 2 573 рет қаралды
Абаев қытайларға тұрмысқа шыққан қыздарға қатысты статистикалық мәліметті жария етті  Қазақстанда

Абаев қытайларға тұрмысқа шыққан қыздарға қатысты статистикалық мәліметті жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Фейсбуктағы парақшасында қытайларға тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздарға қатысты статистикалық мәліметті жария етті.  23 қаңтар 2017, 15:49 1 583 рет қаралды
Димашқа тамсанған қытайлықтар туралы әзіл  Қазақстанда

Димашқа тамсанған қытайлықтар туралы әзіл

Қытайда өтіп жатқан «I am singer» халықаралық ән байқауына қатысып жатқан қазақстандық Димаш Құдайбергенов алғашқы кезеңді бірінші орынмен аяқтады. Қазақ әншісінің дауысына таңданыс білдірген қытайлық жанкүйерлері тіпті әзіл түрінде видео жасап үлгеріпті. Бейнежазба 23 қаңтар 2017, 11:25 2 201 рет қаралды
Ақтауда OCC-ның 30 шақты жұмысшысын сотқа тартты Қазақстанда

Ақтауда OCC-ның 30 шақты жұмысшысын сотқа тартты

Ақтауда бүгін қалалық сотында Ақтауда Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясын тіркеу туралы талаппен Oil Construction Company (OCC) компаниясы кәсіподақ кеңсесінде аштық жариялаған 28 жұмысшының үстінен сот басталды,- деп хабарлады Азаттық. 23 қаңтар 2017, 11:17 2 385 рет қаралды
Р.Василенко: Қазақстан Астанадағы келіссөздерге тек қана алаңқай ұсынады Қазақстанда

Р.Василенко: Қазақстан Астанадағы келіссөздерге тек қана алаңқай ұсынады

Қазақстан Сирия мәселесiн реттеу жөніндегі келiссөздер өткiзуге тек қана алаңқай ұсынады, өзi бұл процеске қатыспайды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы iстер вице-министрi Роман Василенко мәлiм еттi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. 23 қаңтар 2017, 10:38 1 688 рет қаралды
Порошенко: Мерзімінен бұрын сайлауға жол бермейміз Әлемде

Порошенко: Мерзімінен бұрын сайлауға жол бермейміз

Украина президенті Петр Порошенко "Киев пен Мәскеудегі кейбір саясаткерлер" Украинада тұрақсыздық орнату үшін елде мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді ұйымдастырып жатқанын мәлімдеді. 23 қаңтар 2017, 10:12 2 842 рет қаралды
«ИМ» Машариповқа Ыстамбұлдағы теракт үшін үш әйел сыйлаған  Әлемде

«ИМ» Машариповқа Ыстамбұлдағы теракт үшін үш әйел сыйлаған

«Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы Ыстамбұлдағы Reina түнгі клубында теракт жасаған Өзбекстан азаматы Абдулқадыр Машариповқа үш әйел сыйлаған. Бұл туралы түріктің «Хурриет» («Hurriyet») басылымы хабарлады. 23 қаңтар 2017, 10:04 1 681 рет қаралды
Экс-президенті елден кеткен соң Гамбияның қазынасы бос қалған  Әлемде

Экс-президенті елден кеткен соң Гамбияның қазынасы бос қалған

Гамбияның жаңа президенті Адама Барроу елдің бұрынғы президенті Яйя Джаммеден кейін қазынада ақшаның қалмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters-ке сілтеме жасаған Tengrinews.kz. 23 қаңтар 2017, 09:55 1 838 рет қаралды
Бірнеше облыста ауа-райынан жол жабылды Қазақстанда

Бірнеше облыста ауа-райынан жол жабылды

Қазақстанның бірнеше облысында бүгін ұйытқыған боран тұруына байланысты жолдар жабылды. Астана қаласы мен Ақмола облысында бүгін ұйытқи соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 23 қаңтар 2017, 09:48 2 266 рет қаралды
Мәйіті табылған 11 жастағы баланы өлтірді деген күдікпен өгей шешесі ұсталды Қазақстанда

Мәйіті табылған 11 жастағы баланы өлтірді деген күдікпен өгей шешесі ұсталды

Алматыда жансыз денесі табылған 11 жастағы баланы өлтірді деген күдікпен өгей шешесі ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық ІІД өкілдері хабарлады. 23 қаңтар 2017, 09:42 2 995 рет қаралды
Астанада бүгін Сирия бейбіт келіссөзі басталады Қазақстанда

Астанада бүгін Сирия бейбіт келіссөзі басталады

Астанада бүгін Сирия дағдарысын бейбіт реттеу жөніндегі келіссөз басталады. Қзақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Сирия үкіметі мен Сириядағы оппозицияшыл көтерілісшілер қатысатын келіссөз бүгін Rixos President Astana қонақүйінде Астана уақыты бойынша сағат 13-те басталып, 24 қаңтар күні сағат 13-те аяқталады деп жоспарланған. 24 қаңтар күні келіссөз аяқталған соң сағат 14-те қорытынды брифинг өткізу жоспары бар. Келіссөз жабық түрде өтеді,- деп хабарлады Азаттық. 23 қаңтар 2017, 09:39 2 569 рет қаралды
Вашингтонда президент Трампқа қарсы жаппай шеру өтпекші Әлемде

Вашингтонда президент Трампқа қарсы жаппай шеру өтпекші

АҚШ президенті Дональд Трамптың қызметіне ресми кіріскеннен кейін сенбі күні Вашингтонда жаппай шеру өтіп жатыр. «Вашингтонға әйелдер шеруі» атты наразылық акциясына 200 мыңға жуық адам қатысады деген болжам бар. Наразылық шеруіне азаматтық белсенділер, саясаткерлер, құқық қорғаушылар мен мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтар қатыспақшы,- деп хабарлады Азаттық. 21 қаңтар 2017, 21:16 2 582 рет қаралды
ҰҚК желілер мен байланыс құралдарының қызметін тоқтатуға қатысты түсінік берді Қазақстанда

ҰҚК желілер мен байланыс құралдарының қызметін тоқтатуға қатысты түсінік берді

ҰҚК байланыс желілері мен Интернетке қол жеткізуді тоқтатуға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 21 қаңтар 2017, 21:13 3 178 рет қаралды
Трамп: "Басты басымдылық - Америка" Әлемде

Трамп: "Басты басымдылық - Америка"

АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп өзі үшін ең маңызды саяси басымдылық Америка екенін мәлімдеді. Вашингтонда өткен ұлықтау рәсіміндегі сөзінде Трамп барлық шешімдерін, оның ішінде сыртқы саясаттағы іс-қимылдарын осындай ұстанымға негіздейтінін айтты. 21 қаңтар 2017, 11:01 2 719 рет қаралды