Атырау, 27 қараша 09:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өлген жылқыларға өтемақы төленбейді

4 561 просмотра

Исатай ауданында Тұшықұдық ауылдық округіне қарасты «Айбас» учаскесінде сақау ауруынан өліп жатқан жылқылар саны анағұрлым азайып келеді, дейді жергілікті мамандар.

Сақау аса қауіпті ауруға жатқызылмағандықтан өлген малға өтемақы төлеу мемлекет тарапынан қарастырылмаған. Базарда жылқы етінің бір келісі 1600-1700 теңге болса, жабағы мен биенің тірілей салмағы 120-300 мың теңге аралығын құрап отыр.

- Облыстық зертхана сақау диагнозын растады. Бұл ауру аса қауіпті ауруға жатқызылмағанымен Астанадан кешенді түрде жан-жақты, қосымша зерттеу мақсатында комиссия келіп кетті. Бүгінде жылқылардың өрісін өзгерту жұмыстары жүруде, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Сырым РЫСҚАЛИЕВ. - Бұл жолы комиисия құрамында Қазақ ветеринариялық ғылыми зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Назымбек НӘУТИЕВ, ұлттық референттік ветеринариялық орталығының маманы Бақытбек КЕНТБАЕВ, биологиялық қауіпсіздік проблемалары бойынша ғылыми зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері Сырым КОПЕЕВ болды.

Бүгінге дейін сақау ауруына 239 жылқы күдіктеліп, оның 114-і арам өліп отыр. Сонымен бірге, «Айбас» учаскесінен бір малшының екі түйесінің бірінен құтыру дерті табылған.

Тұщықұдық округінің әкімі Шеген НИЕТАЛИЕВТІҢ айтуынша, аталған учаскеге ішке малды кіргізбеу және сыртқа шығармау бойынша шектеу жақын арада қойылмақшы. Ол үшін бұл шектеуді әділет органдарында тіркеу керек.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 шілде 2017, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.