Көп жылдан бері Атырау балалар қайырымдылық орденінің шақыртуымен қаламызға балалардың церебралды сал ауруымен ауыратын балаларға ота жасау үшін Туладан «Клиникалық оңалту институты» ЖАҚ мамандары келіп жүр. Биыл медиктердің келу уақыты 27-29 шілдеге белгіленген.
Ресейлік мамандар облыстық балалар ауруханасының базасында 2007 жылдан бастап операциялар өткізді. Негізгі емдеу әдісі ретінде олар медицина ғылымдарының докторы Валерий УЛЬЗИБАТ ойлап тапқан бірегей хирургиялық әдісті – кезеңдік фибротомияны (ПФТ) пайдаланады. Ол арнайы скальпельмен локалды бұлшық ет буындық сіресімдерін жоюға негізделген.
Өткен жылдары Қайырымдылық орденіне мамандардың келу шығыны мен белгілі бір балалар үшін операцияларды төлеуге дайын демеушілерді табу мүмкін болған еді. Алайда соңғы екі жылда, өкінішке орай, бұл ұйымды ешкім қолдай алмады. Осыған байланысты оталар ақылы негізде жасалатын болады. Үш күн - 27, 28 және 29 шілдеде - ресейлік медиктер «Медикер» емханасы ғимаратында балаларды қабылдайды.
– Олардың келуі облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келісілген. Балаларда өздерімен бірге анализдер нәтижелері болу керек (қандай анализдер екені тулалық емхананың http://www.ulzibat.ru сайтында берілген), – дейді Атырау балалар қайырымдылық орденінің басшысы Надежда КИРПИЧНИКОВА. – Операциялық емдеуге мұқтаж балалардың ата-аналары маған 8 701 887 79 93 телефоны бойынша ақпарат алу үшін хабарласа алады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА