Атырау, 8 желтоқсан 22:36
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Эдвард Сноуден: «АҚШ Ресейге қарсы биоқару қолданып келген»

2 365 рет қаралды


АҚШ-тың барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденның кезекті видеожолдамасы Ресей халқын дүр сілкіндірді. 

Ол "56" телеарнаның тікелей эфирінде: "АҚШ-тан Ресейге жеткізілетін азық-түлік, дәрі-дәрмек, ауыл шаруашылық өнімдері мен өзге де тауарлардың 80 пайызы уланған", -деп мәлімдеді.  

АҚШ-тан Ресейге келетін  ет, балық, ауыл шаруашылық өнімдері мен алкогольсіз сусындар мен мейрамханаларға әкелінетін жартылай фабрикаттарға азық-түлік эмбаргосы қолданылмайды. 

Э.Сноуден: "Адам ағзасына орны толмас зардабын тигізетін паразиттердің қауіпті түрлері АҚШ-тың құпия зертханаларында қолдан өсіріледі. Жануарларда сынамадан өткізілетін бұл паразиттерді адам ағзасынан анықтау мүмкін емес. Бір ғана мысал келтірейін: Ресейде адам өлімінің 87 пайызы инсульт әсерінен болады. Бұл кездейсоқтық деп ойлайсыздар ма?". Аталған мәлімдеменің растығын қазір арнайы мамандар тексеріп жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын  АҚШ-тың барлау қызметінің қызметкері  Э. Сноуден Пентагоннан құпия деректерді ұрлап, әлемдік БАҚ беттерінде жариялап, өз мемлекетінің саясатын әшкерелеген болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com 

4 шілде 2017, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.