Атырау, 22 желтоқсан 12:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздер: Не талқыланады?

2 290 рет қаралды


ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов (суретте) Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздерге қатысатын делегациялардың Астанаға келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр БАҚ өкілдеріне алдағы уақытта үкімет пен Сирия Араб Республикасы қарулы оппозициясының өкілдері келіссөздер жүргізетінін айтты. Қазіргі уақытта делегациялар екіжақты тәртіпте келіссөздер жүргізіп жатыр. 5 шілдеде келіссөздер жалғасып, күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қорытынды шешімдер шығарылады. 

"Бастапқыда төрт деэскалация аумағын құру туралы меморандумды қалай жүзеге асыратынымыз жайлы талқылау керек. Бұл меморандумға Ресей, Түрік Республикасы, Иран сияқты гарант елдер қол қойған болатын. Бұл меморандумды жүзеге асырудағы басты мәселе осы аумақтың шекараларын анықтау, сондай-ақ, ол аумақтардың қалай бақыланатынын шешу. Сондай-ақ, меморандумда шекара маңында бақылау-өткізу пунктері болатыны көрсетілген", - деді министр журналистерге. 

Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, Астана процесі барысында гарант елдер Сирия Араб Республикасының аумағын минасыздандыру мәселесін талқылайды. Сонымен қатар, министр Астанадағы келіссөздерде қарулы оппозицияның өкілі кім болатынын және ол Қазақстан астанасына келді ме, жоқ па деген сұраққа жауап берді. 

"(...) Астанадағы алаңға Сирия қарулы оппозициясының 9 өкілі келді. Олар қазіргі уақытта елордада", - деді ҚР Сыртқы істер министрі.

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 шілде 2017, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.