Атырау, 19 ақпан 16:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

Әлемде

​Ресейде зейнет жасы ұлғаяды Әлемде

​Ресейде зейнет жасы ұлғаяды

Ресей Мемлекеттік думасы екінші оқылымда зейнеткерлік жасын ұлғайту туралы заң жобасын қабылдады. Жобаға сәйкес енді зейнетке шығу жасы әйелдер үшін 55-тен 60-қа, ал ерлер үшін 60-тан 65-ке дейін ұлғайтылды. 27 қыркүйек 2018, 10:23 1 364 рет қаралды
​Ұшақ бортында жанған смартфонның кесірінен әуе кемесі құлауға шақ қалды Әлемде

​Ұшақ бортында жанған смартфонның кесірінен әуе кемесі құлауға шақ қалды

Аустралияға ұшып бара жатқан Qantas авиакомпаниясының ұшағында сынған смартфон жанып, бортында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Mall газетіне сілтеме жасап.  27 қыркүйек 2018, 09:22 1 456 рет қаралды
Ресей парламенті зейнет жасы туралы Путиннің ұсынысын мақұлдады Әлемде

Ресей парламенті зейнет жасы туралы Путиннің ұсынысын мақұлдады

Ресей Мемлекеттік думасының депутаттары 26 қыркүйекте зейнетақы жүйесін реформалау туралы заң жобасына президент Владимир Путиннің енгізген түзетуін мақұлдады. Путин әйелдердің зейнетке шығу жасын әуелде үкімет ұсынғандай 63 емес, 60 жасқа ұлғайтуды ұсынған. 26 қыркүйек 2018, 16:37 2 175 рет қаралды
​Қырғызстан БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынды Әлемде

​Қырғызстан БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынды

Қырғызстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2027-2028 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы ел президенті Сооронбай Жээнбеков 25 қыркүйек күні Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясында айтты, деп жазады Кабар агенттігі.  26 қыркүйек 2018, 13:58 1 132 рет қаралды
Түрікменстан 2000-ға жуық адамға рақымшылық жасады Әлемде

Түрікменстан 2000-ға жуық адамға рақымшылық жасады

Түрікменстан үкіметі 1700-ден астам адамға рақымшылық жасап, 700-ден астам адамға азаматтық берген. Бұл жөнінде ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Baq.kzақпарат агенттігі. 26 қыркүйек 2018, 12:06 1 301 рет қаралды
Армения экс-президенті Кочарян премьер Пашинянді сотқа берді Әлемде

Армения экс-президенті Кочарян премьер Пашинянді сотқа берді

Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян ел премьері Никол Пашинянді "көптің көзінше жала жапты" деп айыптап, сотқа берді. Бұл туралы Кочаряннің адвокаты Арам Орбелян хабарлады. Кочарян бұған дейін 2008 жылы елдің конституциялық құрылымын құлатпақ болды деп айыпталған. 26 қыркүйек 2018, 09:57 1 598 рет қаралды
АҚШ Ресейдің 12 компаниясы мен кәсіпорнына санкция салды Әлемде

АҚШ Ресейдің 12 компаниясы мен кәсіпорнына санкция салды

АҚШ Сауда министрлігі "АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне зиян келтіреді" деп Ресейдің 12 компаниясы мен кәсіпорнына қарсы санкция салды. Санкция салынған ұйымдардың АҚШ-тан экспортқа шығаруға бақылау қойылған кез-келген тауар мен технологияны сатып алуына тыйым салынады. АҚШ Федералдық реестр сайтында жарияланған құжат бойынша, жаңа санкция 26 қыркүйекте күшіне енеді. 26 қыркүйек 2018, 09:55 2 459 рет қаралды
​Дональд Трамп Иран билігін сынады Әлемде

​Дональд Трамп Иран билігін сынады

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иран билігін сынға алып, оны оқшаулауға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. Ақ үй басшысы мұндай пікірді БҰҰ-ның жетпіс үшінші Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде айтты.  26 қыркүйек 2018, 09:51 1 770 рет қаралды
​Перуде автобус құзға құлап, 20-дан астам адам қаза тапты Әлемде

​Перуде автобус құзға құлап, 20-дан астам адам қаза тапты

Жол апаты елдің оңтүстік-шығысындағы Чумбивилкас провинциясында болған. Перу жолдарының бірінде келе жатқан жолаушылар автобусы құзға құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті Canaln телеарнасына сілтеме жасап.  26 қыркүйек 2018, 09:44 1 535 рет қаралды
​Швеция премьер-министрі қызметінен босады Әлемде

​Швеция премьер-министрі қызметінен босады

Швеция парламентінде оңшыл фракция депутаттары бірігіп Стефан Лёвеннің премьер-министр қызметін одан әрі атқаруына қарсылықтарын білдірді. Сөйтіп вотум қабылдаған 349 депутаттың 204-і дауыс беріп, Стефан Лёвенді отставкаға жіберді.  26 қыркүйек 2018, 09:26 1 042 рет қаралды
​Үндістандағы қалың қар: 45 адам із-түссіз жоғалды Әлемде

​Үндістандағы қалың қар: 45 адам із-түссіз жоғалды

Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында қалың қар жауып, соңы жаңбырға ұласқан. Салдарынан кем дегенде 45 адам, соның ішінде Рурки қаласындағы технологиялық институттың 35 студенті із-түссіз жоғалған.  25 қыркүйек 2018, 16:09 2 203 рет қаралды
​Никарагуада президентке қарсы ереуіл кезінде 6 адам зардап шекті Әлемде

​Никарагуада президентке қарсы ереуіл кезінде 6 адам зардап шекті

Никарагуа астанасы Манагуада билік пен оппозиция жақтастары тағы қақтығысқа түсіп, 1 адам қаза тапты. 6 кісі жарақат алды. Тәртіпсіздіктер президент Даниэль Ортега қарсыластары алдыңғы шерулер кезінде қамауға алынғандарды босатуды талап етіп, көшеге шыққан кезде болды.  25 қыркүйек 2018, 14:20 1 613 рет қаралды
​Қырғызстан экс-вице-министріне қатысты дау: Жаңа деректер шықты Әлемде

​Қырғызстан экс-вице-министріне қатысты дау: Жаңа деректер шықты

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Кореядағы елші Қылышбек Сұлтанды дипломатиялық этиканы бұзды деп айыптап отыр. Елшінің қырғызстандық шенеунік Зууракан Каденованың рейстен қалай шығарылғаны жайлы мәлімет таратқаны айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.  25 қыркүйек 2018, 11:53 1 265 рет қаралды
​Грузия үкіметі марихуананы экспорттауға рұқсат бермек Әлемде

​Грузия үкіметі марихуананы экспорттауға рұқсат бермек

Грузия экономикалық дағдарыстан шығудың өзіндік жолын ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24». Ұлттық валютаның құнсыздануы, азық-түлік пен жанармайдың қымбаттауы кейбір депутаттарды марихуананы экспорттап, бюджетті толықтыруға болады деген ойға әкелген. Бұл бастама төңірегінде елде бірнеше апта бойы қызу пікірталас жүріп жатыр.  25 қыркүйек 2018, 09:44 1 175 рет қаралды
​Ресей Сирияға С-300 кешенін жеткізбек Әлемде

​Ресей Сирияға С-300 кешенін жеткізбек

Ресей таяу арада Сирияға ПВО С-300, яғни әуеден қорғаныс кешендерін жеткізетін болады. Бұған Сирия жерінде ИЛ-20 барлау ұшағының құлауы түрткі болды. Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің 17 күні Сирияда ресейлік ИЛ-20 барлау ұшағы атып түсіріліп, борттағы 15 адам қаза болды. 25 қыркүйек 2018, 09:39 1 349 рет қаралды
​Шындығын жасырған "Украина аруы-2018" тәжінен айырылды Әлемде

​Шындығын жасырған "Украина аруы-2018" тәжінен айырылды

20 қыркүйекте "Украина аруы-2018" сұлулық байқауының финалы өтіп, киевтік 23 жастағы Вероника Дидусенко бас жүлдеге ие болды. Алайда төрт күннен кейін қыз шеттетіліп, оған берілген тәж де, ақшалай сыйлық та қайтарып алынды, - деп хабарлайды Страна.ua.  25 қыркүйек 2018, 09:26 1 358 рет қаралды
БАҚ: Гонконгте Қытайдан бөлінуді қолдайтын партияға тыйым салынды Әлемде

БАҚ: Гонконгте Қытайдан бөлінуді қолдайтын партияға тыйым салынды

Гонконг билігі аймақтың Қытайдан бөлінуін қолдайтын Ұлттық партияға тыйым салды. Бұл туралы 24 қыркүйекте Guardian газеті жазды. Гонконгтың қауіпсіздік мәселелері жөніндегі министрі Джон Ли бұл партия "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінін" мәлімдеді. 24 қыркүйек 2018, 17:03 1 358 рет қаралды
Грузияда ел президенттігіне 25 адам таласады Әлемде

Грузияда ел президенттігіне 25 адам таласады

Грузияда ел президенттігіне үміткерлерді тіркеу процесі аяқталды. 28 қазанда өтетін сайлауға қатысуға ниет білдірген 46 үміткерден 25-і ресми түрде тіркелді. Бұл жөнінде жексенбі күні брифингте Орталық сайлау комиссиясының баспасөз-спикері Анна Микеладзе мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат  24 қыркүйек 2018, 16:39 1 714 рет қаралды
"Ішімдікті аузыма алған емеспін". Ұшақта шу шығарып, қызметінен қуылған шенеунік ақталды Әлемде

"Ішімдікті аузыма алған емеспін". Ұшақта шу шығарып, қызметінен қуылған шенеунік ақталды

Әйел өзінің қызметінен қуылғанын бұқаралық ақпарат құралдарынан білген. Ол премьердің шешіміне қарсы шықпайтынын айтады. Министрдің бұрынғы орынбасары Сеул-Алматы арасында ұшақтың ішінде отырған кезінде өзінің мас болмағанын айтты.  24 қыркүйек 2018, 13:58 1 805 рет қаралды
​​Ливияда қақтығыс кезінде 115 адам қаза тапты Әлемде

​​Ливияда қақтығыс кезінде 115 адам қаза тапты

Ливияның Триполи қаласындағы қарулы қақтығыстардан қаза тапқандардың саны артып, 115-ке жетті. Тағы 500-ден астам адам жарақат алды. Мерт болғандардың көбі бейбіт тұрғындар. Бұл туралы шаһардағы аурухана өкілдері мәлімдеді.  24 қыркүйек 2018, 10:52 1 703 рет қаралды