Жапония үкіметі киттерді аулау бойынша Халықаралық комиссиядан шығу шешімін қабылдады. Тиісті қаулы сейсенбі күні Жапония министрлер кабинетінің отырысында бекітілді, деп хабарлады сәрсенбіде Kyodo ақпараттық агенттігі.
Токио бұл туралы комиссияға 1 қаңтарға дейін ескертуге міндетті, сонда ғана Жапония ұйымнан ресми түрде 2019 жылдың 30 маусымында шыға алады.
Kyodo-ның мәліметінше, Жапония енді киттерді аймақ елдерімен жанжал шығу қаупі бар Антарктика суларында емес, тек өзінің арнайы экономикалық аймағында ғана аулайтын болады. 2014 жылы Гаагадағы БҰҰ Халықаралық соты Токиодан кит аулау бағдарламасын тоқтатуды талап еткен.
Бұған мұхит аралдары елінің кит аулау ісін ғылыми емес, коммерциялық мақсатта жүргізгені себеп болған. Жапония үкіметі жауап ретінде аулайтын киттердің санын үштен екі есе қысқартатынын, бірақ бұл кәсіпті жалғастыратынын мәлімдеді.
Киттерді аулау бойынша Халықаралық комиссия бұл жобаны қабылдамаған соң Токио оған жауап ретінде ұйымнан шығуы мүмкін екендігін ескерткен.
Дереккөз: inform.kz