Атырау, 29 қараша 02:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ирак Рождествоны мемлекеттік мереке деп жариялады

1 844 просмотра


Ирак үкіметі Рождествоны мемлекеттік мереке деп жариялады. 25 желтоқсанда Иракқа Ватиканның мемлекеттік хатшысы кардинал Пьетро Паролин барды. Жергілікті христиан қауымы кардиналдың сапары Рим Папасы Францисктің Иракқа сапарлап келуіне жол ашады деп үміттенеді.

1990 жылдардың басында Иракта бір жарым миллионға таяу христиан тұрған. Былтырғы есеп бойынша, олардың саны 200 мыңнан сәл ғана асқан. Ирак халқының көпшілігі исламды ұстанады. Осы кезге дейін елде христиан мерекелері мемлекеттік деңгейде тойланбаған.

Иракта христиандар негізінен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобынан қуғын мен зорлық-зомбылық көреді. Open Doors христиан құқық қорғау ұйымының мәліметінше, Ирак христиандар қудаланатын елдер тізімінде сегізінші орында тұр.

Дереккөз: azattyq.org

26 желтоқсан 2018, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.