Атырау, 29 қараша 02:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қырым мен Украина арасында шекара сымы тартылды

2 690 просмотра


Ресей билігі Қырым түбегін Украинадан бөлетін шекара сымын тартуды аяқтағанын мәлімдеді. Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) Қырымдағы басқармасының шекара қызметі 28 желтоқсанда шекарадағы "инженерлік және техникалық кешендер" құрылысы аяқталғанын хабарлады.

Ресейлік БАҚ-тың шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, 60 километрге созылатын шекара сымы датчиктермен және бақылау камераларымен жабдықталған.

Ресей аннексиялап Қырымда шекара сымын 2015 жылы "зымияндық әрекеттердің алдын алу" және "қылмыстық топтардың қару-жарақ, оқ-дәрі, есірткі мен басқа да тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдау әрекеттерінің жолын кесу" үшін тарта бастаған.

Ресей Украинаның Қырым түбегін 2014 жылы наурызда заңсыз аннексиялап алып, түбектегі әскери әлеуетін күшейте бастаған. 2014 жылы көкьтемде Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск облыстарында ресейшіл сепаратистер мен үкімет әскері арасында қақтығыс басталған.

Украина мен Батыс елдері Мәскеуді сепаратистерге қолдау көрсетіп отыр деп айыптайды. Бірақ Кремль мұны жоққа шығарады. Алайда, 2016 жылы қарашада Халықаралық қылмыстық сот Украина шығысындағы қақтығысты "Украина мен Ресей арасындағы халықаралық қарулы қақтығыс" деп таныған.

Осы аптаның басында Мәскеу Қырымға оннан астам әскери ұшақ жіберген.

Дереккөз: azattyq.org

28 желтоқсан 2018, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.