Үндістанның Жоғарғы соты келер жылы мұсылмандар мен үндістердің арасындағы ұзақ жылғы қақтығысқа нүкте қоймақ.
«Бабыр» мешіті немесе «Рам» храмы үшін туындаған даудыңдың нүктесі төртінші қаңтар күні қойылатын болады. Үндістанның Социал-демократ партиясының өкілдері Жоғарғы соттың тарихи мешітті мұсылмандар меншігіне қалдыратындығынан үмітті.
Сан ғасырлар бойы мұсылмандардың иелігінде болған «Бабыр» мешітін үндістер радикалды жолмен тартып алуды қалап отырғандығын айтып, сот үкімі әділ шешім шығаратынына сенімді.
Сонымен қатар, саясаткерлер «Раштрия Сваямсевак Санх» ұйымының да мәлімдемесіне құлақ түрді. Олардың ойынша, Бабыр мешітінің орынына үндістердің храмы бой көтеруі тиіс.
Бұдан бөлек, Социал-демократ партиясының өкілі Фаизи, радикалды ұйым мүшелері халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, мұсылмандардың мешітті меншігінде қалдыру мүмкіндігін азайтып отырғандығын мәлімдеді.
Дереккөз: "The Qazaq Times"