Атырау, 29 қараша 02:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Мексикада штат губернаторы әуе апатынан қаза тапты

1 639 просмотра


Мексиканың Пуэбла штатының губернаторы  Марта Эрика Алонсо және оның күйеуі Рафаэль Морено Валье тікұшақ апатынан мерт болды, деп хабарлайды Televisa арнасы. 

Мексика орталығындағы Пуэбла штатының басшысы Марта Эрика Алонсо бұл лауазымды небәрі 10 күн атқарды. Ал оның күйеуі Рафаэль Морено сенатор болатын. Штат астанасының маңында олар мінген тікұшақ апатқа ұшырап, екеуі де жантәсілім еткен. 

Ұлттық қозғалыс партиясынан сайланған Алонсо бұл лауазымына сайланарда біршама дау-дамай да болған. Оқыс оқиғаға байланысты Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор үкіметке оның себептерін анықтауды тапсырды.

Дереккөз: inform.kz

25 желтоқсан 2018, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.