Оған Құрама Штаттар аумағына заңды түрде өту процессінің көп уақытқа созылуы себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өйткені президент Трамп саяси баспана алу үшін берілетін өтінішті қарауды қиндатып жіберген. Салдарынан лагерьдегі мигранттардың төзімі таусылып, шекарадан заңсыз ету көбейді.
Ресми дерекке қарағанда, АҚШ аумағына заңсыз өткен мигранттар саны 3 мыңнан асты. Айта кетейік, биыл күз айларында Орталық Америкада бірнеше мигранттар керуені жасақталып, олар АҚШ пен Мексика шекарасына келген болатын.
Бірақ президент Трамп оларды тоқтату үшін шекараға әскерилерді орналастырып, қауіпсіздікті күшейтті. Ал мигранттар саяси баспана алу үшін арнайы орындарға барып, өтініш беруі тиіс.
Дереккөз: 24.kz