Атырау, 14 қаңтар 09:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​Ливиядағы терактіні ТГИЛ өз мойнына алды

1 909 рет қаралды


«Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» Ливиядағы терактіні өз мойнына алды. Кеше қаскөйлер Ливияның сыртқы істер министрлігінің ішінде жарылыс ұйымдастырған еді. 

Қастандықтан 3 адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланды. Марқұмдардың арасында қауіпсіздік қызметінің өкілдері де бар. Содырлар ғимарат маңайында тұраққа қойылған үш көлікті жарып жіберген. 

Одан соң оқ ашып, министрлерге кірмек болған. Айта кетейік, Триполи – Ливияның ұлттық келісім бойынша құрылған үкіметінің астанасы. Оны халықаралық ұйымдар мойындаған. Ал билікке таласқан екінші топ Тобурк қаласында басқа үкімет құрып алған.

Дереккөз: 24.kz

26 желтоқсан 2018, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.