Жұмаға қараған түні, 28 желтоқсанда Дания астанасы Копенгагеннің Тингбьерг ауданында атыс болды. Бұл туралы қала полициясы twitter -де мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Жергілікті құқық қорғау органдарының айтуынша, қазір оқиға орнында тексеріс жүріп жатыр. «Копенгаген полициясына Тингбьергте атыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Сондықтан бұл жерге полция қызметкерлері жаппай жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Әзірге оқыс оқиғаның егжей-тегжейі айтылмай отыр.
Дереккөз: inform.kz