Атырау, 25 желтоқсан 14:21
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Барлық жаңалық

Венесуэла президентінің қарсыласы Гуайдо жемқорлық күдігіне ілінді Әлемде

Венесуэла президентінің қарсыласы Гуайдо жемқорлық күдігіне ілінді

Венесуэла бас бақылау органы оппозиция лидері, қаңтарда өзін уақытша президент жариялаған Хуан Гуайдоның жемқорлық күдігімен парламент спикері қызметінен шеттетілгенін хабарлады. Оған 15 жыл сайланбалы қызметтері атқаруға тыйым салынды. Бұл туралы елдің бас бақылаушысы Элвис Аморосо хабарлады. 29 наурыз 2019, 09:36 1 735 рет қаралды
Шетелдік компания 5 қазақстандықты ұшаққа отырғызбай қойған: сот тексеруді талап етті Қазақстанда

Шетелдік компания 5 қазақстандықты ұшаққа отырғызбай қойған: сот тексеруді талап етті

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты шетелдік әуе компаниясының Қазақстанның бес азаматын ұшақ бортына мінгізбей қою оқиғасы бойынша егжей-тегжейлі, тәуелсіз тексеру жүргізу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық соттың ресми сайтына сілтеме жасап. 29 наурыз 2019, 09:14 2 519 рет қаралды
Пайдасыз іс Басқа жаңалықтар

Пайдасыз іс

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының азаматтық орталығында Жайықтағы балықтың жаппай қырылу себебін анықтайтын ведомствоаралық комиссия мүшелері жергілікті қоғамдық белсенділермен кездесу өткізді. Атыраулықтар осынау экологиялық апатқа кім кінәлі деген сұрақты тағы да қойып, тағы да жауап ала алмады. Бірақ шенеуніктердің бірі өкініш білдіргендей болды. 28 наурыз 2019, 22:11 2 355 рет қаралды
Бір ауладағы көлік «пироманиясы» Басқа жаңалықтар

Бір ауладағы көлік «пироманиясы»

Балықшының Құнанбайұлы көшесіндегі 5 қабатты үй тұрғындарының бірінің айтуынша, белгісіз біреулер жыл басынан бері осы үйдің ауласында тұрған үш көлікті өртеп жіберген. Ал өткен жылы мұндай 4 оқиға болған. Бұған қатысты олардың өз жорамалдары бар екен. 28 наурыз 2019, 21:26 2 594 рет қаралды
Полиция ештеңеден қорықпай ма? Басқа жаңалықтар

Полиция ештеңеден қорықпай ма?

Әлеуметтік желілерде Атырау облысының Құлсары қаласында болған оқиғаның бейнежазбасы таралды. Видеода үй иелері Полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлерін үйге кіргізбей тұр, төбеттің абалап үргені, кадр сыртында әйел адамның: «Заңсыздықты бүкіл Қазақстан Республикасы білсін!» деп жылап сөйлегені естіледі. Полиция департаментінің бастығы Аян ДҮЙСЕНБАЕВ Құлсарыда жергілікті тұрғындармен кездесу кезінде осы оқиға туралы түсінік берді. Жиында бұл бейнежазбадан басқа да әңгімелер қозғалды. Бейнежазба 28 наурыз 2019, 20:46 3 675 рет қаралды
Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың ұшулары тоқтатылды Қазақстанда

Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың ұшулары тоқтатылды

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың ұшулары тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 28 наурыз 2019, 17:01 2 099 рет қаралды
Мәскеу: АҚШ өзгелерге ескерту жасаудан бұрын Сүриядан шығып кетсін Әлемде

Мәскеу: АҚШ өзгелерге ескерту жасаудан бұрын Сүриядан шығып кетсін

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге Венесуэладан шығып кетуді ескерткен еді. Ресей тарабы бұған қарама-қарсы мәлімдеме жасап, АҚШ-тың Сүриядан шығып кетуін талап етті.  28 наурыз 2019, 16:49 1 979 рет қаралды
Әскери тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден беріледі Қазақстанда

Әскери тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден беріледі

 Маңғыстау облысының әкімдігі Қызылордада тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына миллион теңгеден береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  28 наурыз 2019, 16:41 1 934 рет қаралды
Әр балаға – 21 мың теңге: министрлік жұртты мазалаған 10 сұраққа жауап берді Қазақстанда

Әр балаға – 21 мың теңге: министрлік жұртты мазалаған 10 сұраққа жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 сәуірден бастап төленетін атаулы әлеуметтік көмек туралы жиі қойылатын 10 сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 28 наурыз 2019, 16:36 6 637 рет қаралды
Исатай батыр кесенесі туралы Басқа жаңалықтар

Исатай батыр кесенесі туралы

Биыл Ұлы дала батыры Исатай Тайманұлы жерленген жерге кесене тұрғызылғанына 5 жыл толады. Кезінде мұның өзі тарихи оқиға болған еді. Біз осы  мақаламызда батырға кесене тұрғызу төңірегінде  атқарылған қыруар жұмыстар туралы сөз етпекпіз. 28 наурыз 2019, 16:24 11 228 рет қаралды
Әскери тікұшақтың құлауының алдын ала себебі хабарланды Қазақстанда

Әскери тікұшақтың құлауының алдын ала себебі хабарланды

ҚР Қарулы күштерінің апатқа ұшыраған тікұшағына қатысты тергеу Бас прокурордың бақылауында. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин хабарлады, деп жазады Zakon.kz. 28 наурыз 2019, 16:18 2 545 рет қаралды
​Әділ Тұрсынов ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кеңесшісі болып тағайындалды Қазақстанда

​Әділ Тұрсынов ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кеңесшісі болып тағайындалды

Әділ Тұрсынов ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кеңесшісі, Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 28 наурыз 2019, 15:23 2 317 рет қаралды
​"Ақтөбенің" бұрынғы қақпашысы клубты сотқа берді Қазақстанда

​"Ақтөбенің" бұрынғы қақпашысы клубты сотқа берді

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Сидельников "Ақтөбе" футбол клубын сотқа берді. Бұл туралы "Диапазон" хабарлады.  Қақпашының арызын қалалық сот қарап жатыр.  28 наурыз 2019, 13:59 1 156 рет қаралды
Еуропарламент пластиктен жасалған ыдыстарға тыйым салу туралы заң қабылдады Әлемде

Еуропарламент пластиктен жасалған ыдыстарға тыйым салу туралы заң қабылдады

Еуропарламент 2021 жылдан бастап Еуроодақ аумағында пластиктен жасалатын бір реттік қолданысқа арналған ыдыс-аяқ, асхана заттары, су ішетін кішкентай түтікше сияқты заттарды өндіруге және сатуға тыйым салу туралы заң жобасын мақұлдады. Еуропарламенттің 560 депутаты – қолдап, 35-і қарсы дауыс берген. 28 адам тыс қалған. Бұл туралы парламенттің ресми сайтында хабарланды. 28 наурыз 2019, 12:47 5 863 рет қаралды
Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс комитетіне төраға болды Қазақстанда

Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс комитетіне төраға болды

Парламент Сенатының жалпы отырысында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағасы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  28 наурыз 2019, 11:33 1 521 рет қаралды
Тоқаев әскери тікұшақтың құлауынан қаза тапқандардың туыстарына материалдық көмек көрсетуге уәде берді Қазақстанда

Тоқаев әскери тікұшақтың құлауынан қаза тапқандардың туыстарына материалдық көмек көрсетуге уәде берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери тік ұшақтың құлауынан опат болғандардың туыстарына материалдық көмек көрсетуге уәде берді, деп хабарлады агенттік тілшісі. 28 наурыз 2019, 10:40 2 125 рет қаралды