Атырау, 17 қыркүйек 04:45
 дождьВ Атырау +19.9
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

Дариға Назарбаева Сенаттан кетпейтін болды

3 378 рет қаралды


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева мен Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаттары болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед; Андрей Иванович Лукин; Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева; Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен; Дана Өмірбайқызы Нұржігітова; Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов тағайындалды.

Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары: Сергей Николаевич Громовтың; Георгий Владимирович Кимнің; Дулат Рашитұлы Қосдәулетовтің; Рашид Төлеутайұлы Түсіпбековтің өкілеттіктері тоқтатылды.

 

 

 

13 тамыз 2019, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.