Атырау, 8 мамыр 18:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18

​Атырауда Құрманғазы атындағы мәдениет үйін қалпына келтіру жұмыстарын прокуратура тексеруде

120 рет қаралды

Біздің жарияланымнан кейін Құрманғазы атындағы мәдениет үйіндегі қалпына келтіру сапасына күмән туындап, қадағалау органы тексеріс бастады.

Еске сала кетсек, қала әкімдігі қоғамдық бақылау тобына ғимаратты тексеруге рұқсат бермеген соң, тілшіңіз құқық қорғаушылардың сөзімен айтқанда, бірқатар «жедел-іздестіру шараларын» жүргізіп, көп азап көрген мәдениет үйінің қабырғасында шын мәнінде не болып жатқанын анықтауға мәжбүр болды.

Мәселен, анықталғандай, кейбір жұмыстар ғылыми-жобалық құжаттамаға қайшы жүргізілуде. Оның өзі де сапасы жағынан көңіл көншітпейді. Сметада қарастырылған материалдардың орнына арзан құрылыс заттары қолданылған. Ал тапсырыс беруші — «Құрманғазы атындағы мәдениет үйі» МКҚК мердігер ұйым «AGM Service» ЖШС-ін сотқа берген.

Сонымен қатар, сәуір айына жоспарланған барлық жұмыстардың мерзімі айтарлықтай бұзылған. Жалпы алғанда, жоба тарихи құндылығын сақтайтын қалпына келтіру емес, қарапайым жөндеуге айналып кету қаупінде тұр.

Редакцияның ресми сауалына жауап берген Атырау қаласының прокуроры Мерген Мендіғалиевтің айтуынша, мәдениет үйінде мердігерлер — «Жалынды құрылыс» ЖШС және «AGM Service» ЖШС атқарып жатқан жұмыстарға қатысты сот құрылыс-экономикалық сараптама тағайындалған.

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.