Атырау, 8 мамыр 16:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18

Жетісуда екі жылда 13 елді мекен газдандырылады

60 рет қаралды
Фото: freepik.com
Фото: freepik.com

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, өңірдегі энергетикалық инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, халықтың сауалдарына жауап берді.

Жетісу облысында газ және энергетика инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. 2026 жылы 4 газдандыру жобасы іске асырылады. Нәтижесінде 4 ауылдық елді мекендегі қосымша 10 мың адам табиғи газға қол жеткізіп, газдандыру деңгейі 68,6%-ға жетеді.

2027 жылы 134 мың халқы бар 9 елді мекенді газбен қамту жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде газдандыру деңгейі 87,9%-ға дейін өседі.

Сонымен қатар «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС-ін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Үкімет Талдықорған қаласындағы жылумен жабдықтау нысандарының құрылысын аяқтауға қаражат бөлді. Қаржыландыру қаланың жаңа Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында қазандық пен жылу желілерін салу жобаларын аяқтауға бағытталған.

Жобаларды іске асыру Болашақ, Көктем, Бірлік және Құлагер шағынаудандарындағы жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қыркүйек айында қуаты 49 Гкал/сағ болатын жаңа қазандықтың құрылысы аяқталады. Сондай-ақ күзде Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданының жылу желілерін салу жобасы толық аяқталады. Бұл қазандықтың толыққанды жұмыс істеуіне қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде жаңа шағынаудандардағы 20 мың тұрғын сенімді жылумен қамтылады.

Кездесу барысында тұрғындар өңірді газдандыру, сұйытылған мұнай газымен және көмірмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзекті сұрақтарын қойды. Вице-министр Қайырхан Тұтқышбаев барлық сауалдарға жан-жақты жауап берді. Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

Бүгін, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.