Атырау, 27 қараша 13:40
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Венесуэла АҚШ-қа қарсы күш біріктіруде

2 165 просмотра


Венесуэла тұрғындары ел президенті Николас Маудроның үндеуімен Уашингтон енгізген санкцияларға қарсылығын білдіру мақсатында петицияға қол қоя бастады.

Егер 1 миллионнан астам адам қол қойса, құжат БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттеришке жолданбақ. Сонымен қатар, Венесуэла билігі АҚШ тарапының халықаралық құқық пен Женева конвенциясының ережелерін бұзбағанын анықтауға кіріскен. 8 тамызда Ақ үй басшысы Доанльд Трамп Венесуэлаға қарсы санкция енгізу туралы шешімді мақұлдаған. Санкция Венесуэламен байланыс орнатпақ болған америкалық компанияларға да қатысты. 

Ақ үй басшысының Ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтон мәлімдемесінде: «Енді өзге де шет мемлекеттер таңдау жасайды. Мадуроның заңсыз билігіне көмектесемін деп кәсіптеріне зиянын тигізіп алуы мүмкін. өзге елдер, компаниялар тек қана Құрама Штаттарымен немесе Венесуэламаен экономикалық байланыс орнатуы тиіс. Яғни басқа мемлекеттер алыс-беріс орнату мақсатында Уашингтонды немесе Каракасты таңдайды» – деген. Қаулы бойынша Венесуэла билігінің шоты да бұғатталды. Бұл шектеу Венесуэланың «сенімді серіктестері» Ресей және Қытаймен байланысына нұқсан келтірген. Сол себепті Венесуэла БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттеришке көмек қолын созу туралы хат жолдаған.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

13 тамыз 2019, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.