Атырау, 24 желтоқсан 23:14
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Дүрлігуге себеп жоқ - ТЖД өкілдері Алматыдағы сел жайлы

Бейнежазба
2 617 рет қаралды

 

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қалада сел жүру қаупіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"14 тамызда сағат 6.20-да Қарғалы өзенінде ішкі арналардағы су тасыды. Болжам бойынша, секундына 5 текше метр су тасыды. Қазіргі уақыттағы жағдай бойынша, өзендегі су деңгейі 5 метрге төмендеді. Жағдай бірқалыпты, ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Өзен арнасындағы жағдай тұрақты, дүрлігуге себеп жоқ", - деп хабарлады ТЖД өкілдері брифинг барысында. 

Осыған дейін Алматы әкімдігі эвакуациялық пункттердің мекенжайларын жариялаған болатын: 1. Ескі әкімдік. Жандосов-Рысқұлов.  2. Шәймерденов көшесіндегі №175 мектеп.  3. Жандосов-Яссауи қиылысындағы №158 мектеп. Сондай-ақ, мұның алдында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың оқиға орнына барғаны хабарланған болатын. Ал кейінірек ТЖД басшысы оқиға орнынан видео жариялаған еді. ТЖД басшысы Серік Әубәкіровтің айтуынша, 14 тамызда сағат 07.11-де Қарғалы өзені арнасындағы жағдай бірқалыпты болды. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына барып, жағдайды бақылап отыр. Газ бен жарықты өшіру туралы бұйрық берілді. 


Дереккөз: Tengrinews.kz

14 тамыз 2019, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.