Атырау, 24 желтоқсан 19:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Барлық жаңалық

39 жылдан кейінгі қауышу Басқа жаңалықтар

39 жылдан кейінгі қауышу

- Анам өле-өлгенше «Эламды көрсем» деп армандаумен болды. Бірақ, бұл арманы орындалмады, ол 54 жасында қайтыс болды. Ал әкеміз 50 жасында өмірден озды. Біз Эла хабарсыз кеткен соң, ол туралы көп сұрастырдық, іздедік, бірақ, таба алмадық, - деп бастады әңгімесін Индер ауданы Аққала ауылының тұрғыны Жанболат АХМЕТОВ. 19 қаңтар 2017, 00:00 4 612 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Полицияға Атыраудың 43 жастағы тұрғыны шағымданды: 16 қаңтарға қараған түні ол Досмұхамедов көшесіндегі өз үйінің асүйінен бейтаныс адамды көреді. Ол адам сынған терезе арқылы секіріп, қашып кеткен. Ұрының ғимаратқа асүй терезесін сындырып кіргені анықталды. Полиция арсызды ұстады. Ол Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу жүргізілуде. 19 қаңтар 2017, 00:00 3 621 рет қаралды
Су добы балалардың сүйікті спортына айналды Спорт

Су добы балалардың сүйікті спортына айналды

Біздің өңірде су добы айтарлықтай тез дамып келеді. Оған 2016 жылы 2002-03 жылғы жасөспірімдердің арасында өткен Қазақстан чемпионатында «Атырау» командасының жеңіп алған күміс жүлдесі дәлел. Бұл туралы бізге су спорты түрлері клубының жаттықтырушысы, 2009 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Ернұр ҚОЙЛИЕВ (суретте) әңгімелейді. 19 қаңтар 2017, 00:00 5 453 рет қаралды
Спорт жаңалықтары Спорт

Спорт жаңалықтары

Спорт сергітеді, жасартады, жарқын эмоциялар сыйлайды және түрлі жастағы адамдардың басын қосады. Бұл ақиқатты бұрын былғары доп шебері әрі Атырау футболы ардагерлері қозғалысының негізін салушы Сағи Данабаевтың 70 жылдығына арналған мини футбол бойынша өткен турнирге қатысушылар тағы да дәлелдеді. 19 қаңтар 2017, 00:00 3 482 рет қаралды
Қыдырәлі Болманов карикатура салған суретшіні сотқа бермекші Қазақстанда

Қыдырәлі Болманов карикатура салған суретшіні сотқа бермекші

Қазақстандық әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов суретші Мұрат Ділмановты карикатура салғаны үшін сотқа беретінін мәлімдеді. Әртіс суретшіден қоғам алдында кешірім сұрауын талап етіп отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның заңгері Аманбол Әбеуов хабарлады. 18 қаңтар 2017, 15:40 3 382 рет қаралды
ҚР Ұлттық экономика министрі 6 айда ана тілін үйрене ала ма? Қазақстанда

ҚР Ұлттық экономика министрі 6 айда ана тілін үйрене ала ма?

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы барысында тілшілер сауалына жауап берген ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таяу уақытта қазақ тілінде жетік сөйлейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 18 қаңтар 2017, 15:00 1 952 рет қаралды
Ақтөбеде әскери бөлімнің екі майорына сот үкімі шықты Қазақстанда

Ақтөбеде әскери бөлімнің екі майорына сот үкімі шықты

Ақтөбеде бүгін 2016 жылдың маусым айындағы қарулы шабуылға қатысты айыпталған азаматтар - ұлттық гвардияның Ақтөбедегі 6655-әскери бөлімінің майорлары Қайнарбек Тастамбеков пен Қайырғали Оразжановқа сот үкімі шықты,- деп хабарлады Азаттық. 18 қаңтар 2017, 12:52 3 550 рет қаралды
Энергетиктер Астанада тұмша түтіннің шығу себептерін түсіндірді  Қазақстанда

Энергетиктер Астанада тұмша түтіннің шығу себептерін түсіндірді

16-17 қаңтарда Астананы тұман басты. «Астана-Энергия» АҚ мамандары бұған көліктерден шыққан пайдаланылған газ бен жеке секторда жылыту құбырларының төмен орналасуы себеп деп отыр. 18 қаңтар 2017, 12:04 4 285 рет қаралды
Қытай Украина дағдарысын реттеу процесіне қатысуға дайын екенін білдірді Әлемде

Қытай Украина дағдарысын реттеу процесіне қатысуға дайын екенін білдірді

Қытай Украинадағы дағдарысты саяси жолмен реттеуде конструктивті рөл атқаруға дайын деп мәлімдеді Қытай президенті Си Цзиньпин Давоста өтіп жатқан дүниежүзілік экономикалық форумда Украина президенті Петр Порошенкоға үндеуінде,- деп хабарлады Азаттық. 18 қаңтар 2017, 11:41 1 919 рет қаралды
Иран Астанада Сирия бойынша өтетін келіссөздерге АҚШ-тың қатысуына қарсы Әлемде

Иран Астанада Сирия бойынша өтетін келіссөздерге АҚШ-тың қатысуына қарсы

Алматы. 18 қаңтар.ҚазТАГ - Тегеран 23 қаңтарда Астанада өтетін сириялық шиеленісті реттеу жөніндегі келіссөздерге АҚШ-тың қатысуына қарсы, деп хабарлады Tasnim агенттігі. 18 қаңтар 2017, 10:51 2 634 рет қаралды
АҚШ Сербия президентіне қарсы санкция салды Әлемде

АҚШ Сербия президентіне қарсы санкция салды

АҚШ қаржы министрлігі Сербия Республикасының президенті Милорад Додикке қарсы санкция салып, оны Босния және Герцеговинадағы соғысты тоқтатқан 1995 жылғы Дейтон келісімін іске асыруға кедергі келтіріп отыр деп мәлімдеді. Санкция бойынша Додиктің АҚШ құзырындағы кез-келген активі бұғатталады,- деп хабарлады Азаттық. 18 қаңтар 2017, 10:46 2 175 рет қаралды
Ф.Олланд Д.Трамптың сынына жауап берді  Әлемде

Ф.Олланд Д.Трамптың сынына жауап берді

«Еуропа трансатлантикалық ынтымақтастық саясатын өз құндылықтары мен мүдделеріне сәйкес жүзеге асырады. Сондықтан кәрі құрлық сыртқы кеңеске мұқтаж емес». Мұндай мәлімдемені Франция президенті Франсуа Олланд АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың Еуропаның миграциялық саясаты мен НАТО-ға қатысты сынына жауап ретінде айтты,- деп хабарлады 24.kz. 18 қаңтар 2017, 10:42 2 235 рет қаралды
Биыл Парламент қандай заңдарды қабылдайды?  Қазақстанда

Биыл Парламент қандай заңдарды қабылдайды?

Бүгiн Мәжiлiстiң биылғы жылғы алғашқы жалпы отырысы өтiп жатыр. Отырыста палата төрағасы Нұрлан Нығматулин осы сессияда депутаттардың алдында тұрғында маңызды мiндеттердi атап көрсеттi, хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. 18 қаңтар 2017, 10:24 1 707 рет қаралды
Еуропа парламентінің жаңа президенті сайланды Әлемде

Еуропа парламентінің жаңа президенті сайланды

Еуропа Одағы (ЕО) парламентінің депутаттары италиялық оңшыл кандидат Антонио Таяниді парламенттің келесі президенті етіп сайлады. Антонио Таяни ЕО парламентінің қазіргі президенті, германиялық саясаткер Мартин Шульцтің орнын басады,- деп хабарлады Азаттық. 18 қаңтар 2017, 10:22 1 712 рет қаралды
20 мың доллар пара берген мемлекеттік қызметші қызметіне қайта оралғысы келеді Қазақстанда

20 мың доллар пара берген мемлекеттік қызметші қызметіне қайта оралғысы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күзде Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылған Алмат Ермағамбетовтен Ақтөбе қалалық сотына талап арыз келіп түсті, деп жазады diapazon.kz. 18 қаңтар 2017, 10:12 1 617 рет қаралды
Қазақстанда Халал өнімді растайтын ұлттық жүйе әзірленіп жатыр - министрлік   Қазақстанда

Қазақстанда Халал өнімді растайтын ұлттық жүйе әзірленіп жатыр - министрлік

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі метрология мен техникалық реттеу комитетінің төрағасы Біржан Канешовтің айтуынша, аталған жүйені әзірлеуге малайзиялық сарапшылар көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 18 қаңтар 2017, 10:08 1 847 рет қаралды
Қазақстанда азаматтарды онлайн тіркеу қызметі ашылды Қазақстанда

Қазақстанда азаматтарды онлайн тіркеу қызметі ашылды

Қазақстан үкіметі азаматтарды уақытша тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркеу қызметінің ашылғанын жариялады. Қызмет түрі "Электрондық үкімет" (egov.kz) сайтында сынақ ретінде іске қосылған деп хабарлады ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев 17 қаңтар күні кешке Facebook-тағы парақшасында. 18 қаңтар 2017, 10:05 2 171 рет қаралды
Ақпаннан бастап вокзалдарда жолаушылар мен жүктер тексерілетін болады Қазақстанда

Ақпаннан бастап вокзалдарда жолаушылар мен жүктер тексерілетін болады

Қазақстан вокзалдарында 1 ақпаннан бастап жолаушылар мен жүктерге тексеру жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 18 қаңтар 2017, 09:29 2 965 рет қаралды
Баласына iPhone түрінде құлпытас қойған ата-ана марқұмның арманы жайлы айтып берді Қазақстанда

Баласына iPhone түрінде құлпытас қойған ата-ана марқұмның арманы жайлы айтып берді

Қайтыс болған алматылық Заңғар Орынбетовтың қабіріне iPhone пішініндегі ескерткіш қойылды. Ерекше құлпытастың суреттері WhatsApp желісінде таралып жатыр. Қаза тапқан жігіттің анасы Сара Ержанованың айтуынша, мұны оның күйеуі ойлап тапқан. Заңғардың әкесі - дизайнер, содан ол iPhone пішінді ескерткіштің эскизін салған. Айта кетейік, Заңғар Орынбетов құрастырушы мамандығы бойынша оқып, Apple өкілдерінің шақыртуымен АҚШ-та жобаларын таныстырып жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірақ өкінішке қарай, Заңғар 2016 жылдың күзінде жол апатына ұшырап, қайтыс болған еді. 17 қаңтар 2017, 16:42 4 320 рет қаралды