Атырау, 14 қазан 13:27
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Энергетиктер Астанада тұмша түтіннің шығу себептерін түсіндірді

4 066 просмотра

16-17 қаңтарда Астананы тұман басты. «Астана-Энергия» АҚ мамандары бұған көліктерден шыққан пайдаланылған газ бен жеке секторда жылыту құбырларының төмен орналасуы себеп деп отыр.

Астанада ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-де атмосфераға шығатын зиянды заттардың мониторингі жүргізіледі. 2-ші ЖЭО-ның бірқатар қазандық агрегаттары қоршаған ортаға зиянды заттарды шығаруды бақылау жүйесімен жабдықталған. Олар №1-4 энергетикалық ст. және №1-4 су жылыту қазандық агрегаттарында, 1-ЖЭО-да мұндай жүйелер №4, 5, 7 қазандық агрегаттарында орнатылған.

ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-де шамадан тыс шығындылар байқалмайды. Бұған 2016 жылы желтоқсанда табиғат қорғау заңнамасының сақталуын тексерген «Астана қаласы бойынша экология департаменті» РММ-нің қорытындылары дәлел бола алады. Ол кезде ешбір нормадан асу байқалмаған.

Мамандар тұмшаның түтін, тұман және шаңнан құралған аэрозоль екендігін айтып отыр. Ауаның ластануы ауа райы мен климаттық құбылыстарға байланысты екендігі белгілі. Жел лас ауаның жылдамырақ тазаруына сеп болады, ал жерден бағытталған ауа ағыны лас заттарды атмосфераның жоғарғы қабаттарына жібереді. Алайда атмосфера қабаттары тұрақты болып қалатын жағдайлар да кездеседі. Ол кезде зиянды заттар жер бетіне жақын қалып қояды.

Соңғы күндері жел жоқ, тымық болғандықтан ауа райы тұрақты, дейді мамандар.

Дереккөз: Baq.kz

18 қаңтар 2017, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.